
2020 жылдың 18 қарашасында дәріхана қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін онлайн конференция өткізілді
2020 жылдың 18 қарашасында дәріхана қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін ZOOM қосымшасы арқылы онлайн конференциясы өтті.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған конференцияға Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Л.Айтахунова, департамент мамандары, дәріханалар қауымдастығының мүшелері, тәжірибелі бухгалтерлер мен сарапшылар қатысты.
Конференция барысында дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН тауар топтарының 39 коды үшін "Виртуалды қойма" модулі арқылы ЭШФ шығару бойынша міндеттемелердің пайда болу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ дәрілік заттарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 "Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ рәсімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды жазып беру қажеттілігі туралы хабардар етеді.