
2020 жылдың 12 қарашасында дәріхана қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін Алматы облысы бойынша МКД қатысуымен он-лайн конференция өткізілді
2020 жылдың 12 қарашасында дәріхана қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін ZOOM он-лайн конференциясы өтті.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған конференцияға Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Л.Айтахунова, Департамент мамандары, дәріханалар қауымдастығының мүшелері, тәжірибелі бухгалтерлер мен сарапшылар қатысты.
Конференция барысында дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды үшін "Виртуалды қойма" модулі арқылы ЭШФ шығару бойынша міндеттемелердің пайда болу мәселелері талқыланды.
Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде:
- кез келген нысандағы дәрілік заттарды өткізгені үшін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасының чегін ұсыну;
- кодтары мен атаулары ДСҰ-ны алу тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып беру (кодтары мен атаулары 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ДСҰ-ны алу тауарларының тізбесіне енгізілген дәрілік заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 862 бұйрығымен беріледі);
- кодтары мен атауы ДСҰ тауарларын алу тізбесіне кірмейтін тауарлар бойынша салық төлеушінің виртуалды қоймасындағы қалдықтарды өзектілендіру мақсатында есептен шығару себебін көрсете отырып, «есептен шығару» нысанын ресімдеу арқылы «Виртуалды қойма» модулінде есептен шығару жүргізілсін «СЭҚ ТНВЭД осы коды бар тауар «Виртуалды қойма» модулінде жүргізілуге жатпайды.