Жарияланған күні: 16.10.2019 12:22
Өзгертілген күні: 16.10.2019 12:23

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-БКМ-ға қолдануға толық көшу жоспарлануда

 

Салық кодексінің 167-бабының 1-тармағына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық органдарында тіркеу есебіне деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды ғана қоюға болады (БКМ ДБФ-мен) .

2018 жылы деректерді беру функциясынсыз фискалдық жады бар БКМ жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде ғана тіркелуі мүмкін. Әкімшілік-аумақтық бірліктерде ҚР аумағында жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК сайтында орналасқан.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер деректерді беру функциясымен БКМ қолдануға міндетті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-БКМ қолдануға толық көшу жоспарлануда. Салық кодексіне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн БКМ қолдану бойынша міндеттеме патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге және бірыңғай жер салығын төлеушілерге қолданылады.

Тұлғалардың БКМ қолданудан жалтаруы, ҚР заңнамасы ұйымдардан осы талапты міндетті түрде деп таниды  және әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.