Жарияланған күні: 30.10.2019 20:25
Өзгертілген күні: 30.10.2019 20:27

2019 жылдың 29-30 қазанында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2019 жылдың 9 айының қорытындысы мен ағымдағы жылдың соңына дейін қойылған мақсаттарға арналған алқа отырысы өтті.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т. Сарсембаев Департаменттің кеден бекеттерінің және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларымен 2019 жылдың 9 айындағы қызмет қорытындылары және ағымдағы жылдың соңына дейінгі міндеттер бойынша алқа отырысын өткізді.

Кеңес барысында болжамдық көрсеткіштердің орындалу мәселелері, қосымша резервтерді іздестіру бойынша жұмыс, уәкілетті органдармен бірлескен жоспар тармақтарын орындау, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері, салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері, республика аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны жөнінде мәселелер  талқыланды.

 Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметіне рейтингтік бағалау жүргізілді.

 Басшылардың назарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жұмысты жандандыру бойынша алдын алу іс-шараларын өткізуге ерекше назар аударылды.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар 105,4% орындалды, жоспар 346,6 млрд.теңге, түсім 365,4 млрд.теңгені құрап, жоспардан тыс 18,8 млрд.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 87,1 млрд.теңгеге артық түсті, өсу қарқыны 131,3% құрады.

Республикалық бюджет бойынша (бұдан әрі-РБ) жоспары 105,4%-ға орындалып, 205,1 млрд. теңгеге түсім түсті (жоспар194,6 млрд.теңге), жоспардан тыс 10,5 млрд. теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 75,0 млрд.теңгеге артық түсті, өсу қарқыны 157,6% құрады.

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар бойынша 69,6 млрд. теңге болса, түсім 74,5 млрд.теңге теңгені құрап, 107,0%-ға орындалып, жоспардан тыс 4,9 млрд.теңге түсті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48,5 млрд.теңгеге артық түсіп, өсу қарқыны 286,5% құрады.

 Жергілікті бюджеттің жоспары (бұдан әрі-ЖБ) 105,5% орындалды, жоспар 152,0 млрд.теңге болса, түсім 160,3 млрд.теңгеге түсіп, жоспардан тыс 8,3 млрд. теңге түсті Өткен жылмен салыстырғанда 12,1 млрд.теңгеге артық түсті, өсу қарқыны 108,1% құрады.

Департамент қосымша резервтерді іздестіру жұмыстарын жүргізеді. 8,7 млрд.теңге қосымша резервтер қамтамасыз етілді, оның ішінде РБ-7,1 млрд. теңге және ЖБ-1,6 млрд. теңге.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың өзектілігін ескере отырып, электрондық түрде қызмет көрсету үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Департаменттің Мемлекеттік кірістер органдары барлығы 1 376 884 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электронды түрде - 1 231 585 немесе 90%;

Онлайн-БКМ енгізу бойынша.

01.10.2019 ж. жағдай бойынша БКМ жалпы саны 32 121 құрайды, оның ішінде онлайн БКМ - 28 073 немесе 87%.

Кедендік бақылау шеңберінде тауарлар шығарылғаннан кейін 29 кедендік тексеру жүргізілді (5 көшпелі және 24 камералдық), оның нәтижелері бойынша 434,7 млн.теңге сомаға қосымша есептелген.

01.10.2019 ж. жағдай бойынша салықтар бересі 4 136 млн. теңгені құрады, жыл басымен 370 млн. теңгеге немесе 8,2% төмендеді, сондай - ақ 3 тоқсан басталысымен 2 274 млн. теңгеге төмендеді (01.07.2019 ж. - 6 410 млн. теңге).

Алматы облысының жиырма аумақтық МКБ басшылары, жеті кеден бекетінің басшылары 9 айдың қорытындысы бойынша есеп беріп, проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары тыңдалды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Департамент басшысы          Т. Сарсембаев бюджетті атқару, электрондық түрдегі қызметтер үлесін арттыру, онлайн БКМ тіркеу, қосымша резервтерді іздестіруді ұлғайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.