Жарияланған күні: 23.09.2019 18:18
Өзгертілген күні: 23.09.2019 18:19

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылға есептелген мүлік салығы, жер салығы сомасын жеке тұлғалар өз бетінше біле алатынын хабарлайды:

- Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында  "Электрондық сервистер" бөлімінде "Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің  жоқ(бар) екендігі және алдағы төлемдер туралы мәліметтер» қойындыда жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН бойынша. Сілтеме https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-upcoming-payments-web

-E-Gov электрондық үкімет сайтында, сондай-ақ жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН бойынша M-Gov электрондық үкіметінің мобильдік қосымшасы, "салық салу"  бөлімінде  "жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу" қосымша бетінде. Сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/taxation/oplatanalogi

- Kaspi банк қосымшасын пайдаланушылар салық бойынша берешек сомасын және алдағы салық төлемдерін жеке тұлғаның ЖСН арқылы тексере алады.

         2018 жылы мүлік пен жерге салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 1 қазанында аяқталатынын еске саламыз

Сонымен қатар, қазақстандықтар мүлікке, жерге және көлікке салынатын салық төлемдері туралы SMS-хабарлама ала алады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мүлікке, жерге немесе көлікке салынатын салық төлемдері туралы хабарламаларды "SMS-тарату" сервисін пилоттық түрде іске қосты.
Бұл ескертулерді алу үшін, нөмірді egov.kz электрондық үкімет порталы немесе mgov мобильді қосымшасы арқылы мобильдік азаматтар базасында тіркеу қажет.

SMS-хабарлаудың сөзсіз артықшылығы жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы хабарламаны дереу жеткізудің жүз пайыз кепілдігі болып табылады. SMS-жіберулердің тағы бір артықшылығы - ұялы байланыстың барлық пайдаланушылары кіретін үлкен аудитория, оның ішінде қарапайым түймелі телефон иелері де бар.