
2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп
2017 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспары 140 388 млн.теңге болса, түсім 147 950 млн. теңге түсті, жоспар 105,4 пайызға орындалды, жоспардан тыс 7 562 млн. теңге түсті. 2016 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда түсім 26 847 млн. теңгеге артып, өсу қарқыны 122,2 пайызды құрады.
Жергілікті бюджет бойынша жоспар 73 558 млн. теңге болғанда, түсім 79 676 млн. теңге түсті немесе орындалуы 108,3 пайыз, жоспардан тыс 6 118 млн. теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 15 954 млн. теңгеге артық түсіп, өсу қарқыны 125,0 пайызды құрады.
Республикалық бюджет бойынша жоспар 66 830 млн. теңге болғанда түсім 68 274 млн. теңгеге түсті немесе орындалуы 102,2 пайыз, жоспардан тыс 1 444 млн. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 10 894 млн. теңгеге артық түсіп, өсу қарқыны 119,0 пайызды құрады.
Кедендік төлемдері мен салықтары бойынша жоспары 5 770 млн. теңге болғанда 5 714 млн. теңге түсім түсті немесе 99,0 пайызға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда 4 416 млн. теңгеге артық түсіп, өсу қарқыны 440,3 пайызды құрады. Мемлекеттік кірістер органдарымен қосымша қорлардың түсімін қамтамасыз ету үшін барлық салықтық әкімшілдік механизмдер қолданылады.
Ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік бюджетке 3 053 салық төлеуші бойынша 4 067,9 млн. теңгеге қосымша түсім қамтамасыз етілді.
Облыстың аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына тіркеу есебіне салық төлеушілерді тарту бойынша жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі.
Басқа облыстардан 216 салық төлеуші қайта тіркелді, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында олардан 288,5 млн.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке 170,8 млн.теңге, республикалық бюджетке 117,7 млн.теңге түсті.
2017 жылдың 01 шілдесі жағдайына бересі 11 460 млн.теңгені құрастырған, 2017 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда 7 680 млн.теңгеге немесе 203%-ға өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек 298 млн. теңгені құрастырған, ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 51 млн. теңгеге немесе 21% - ға өсті.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек 93 млн.теңгені құрастырған, ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда салыстырғанда 24 млн.теңгеге немесе 35% - ға өсті.