
2016 жылдың 6 айында Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі экономикалық қылмыстардын және «көлеңкелі» экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Ағымдағы жылдың I-ші жарты жылдығында 411 экономикалық қылмыс анықталып, оның 321 қылмыс бойынша өндірісі аяқталып, 239 қылмыстық іс сотқа жолданған болатын, 82 қылмыс ақтау негізімен аяқталған болатын.
Бюджеттік салада 75 заңбұзушылық, оның 58 қылмыстық ісі мемлекеттік сатып алу саласында анықталған.
Жалған кәсіпкерлікпен күрес саласында 266 қылмыс тіркеліп, сотқа 178 қылмыстық іс жолданды.
Алкогольдік өнімнің заңсыз айналымына қарсы тұру саласында 40 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз спирттік өнім жасап келген 5 астыртын цехтің жұмысы әшкерленді.
Экономикалық контрабанда саласында 28 қылмыс тіркелді.
Мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы бағытында мұнай өнімдерін заңсыз сақтап және сатып келген 5 мұнай базасының жұмысы анықталды.
Авторлық және сабақтас құқық бұзушылығы саласында 21 заңбұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 2000 данадан аса DVD дискілер тәркіленген болатын.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру саласында 91 қылмыстық іс тіркеліп, көлеңкелі айналымнан 52 лотореялық терминалдар, 46 ойын автоматтары тәркіленген болатын.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал соммасы 5,2 млрд. теңгені құрап, оның 2,5 млрд.теңгесі өндірілді, сонымен қатар 1,1 млрд. тұратын мүліктерге шектеу қойылды.