Жарияланған күні: 15.05.2017 12:25
Өзгертілген күні: 15.05.2017 12:26

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Ұйғыр ауданы бойынша Мемлекеттік  кірістер  басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды  (16.05.2017-24.05.2017 қоса есептегенде)

 

БСН 950140000624, 041800, Шонжы селосы, Қудайбергенов   көшесі, 60, анықтама телефоны: (872778) 2-16-49, факс 2-16-49, электрондық мекенжайы:ugd.uigurskii@kgd.gov.kz,Аi.ibragimova@kgd.gov.kz

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

Байқаушымен  сарапшының конкурстық комиссия отырысынақатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген  бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатысаалады.    

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы  арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды  түрде  электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түп нұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей  береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес  сот тәртібінде  конкурс  комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

  С-R-4 санаты үшін  келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, «ҚазақстанРеспубликасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының

Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

Min

Max

        C-R-4

73 288

99 105

 

Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  Есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты, 1-б.

 

Қызметтік міндеттері:  Жеке шоттардың есебін жүргізу және беру, есепке алу және  артық төленген сомаларды қайтару. Мемлекеттік қызметтерді көрсету:  - салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру, дербес шоттан көшірме жазбалар беру; -салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылардың төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару. Жеке шоттардың есебін жүргізу және беру;  Бюджетке төленетін салық және төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түсімдеріне, берешек және артық төленген сомалары бойынша есептіліктер қалыптастырып талдау жүргізеді. Салыстырып тексеру актілерін қалыптастырады. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар  түсімдеріне бақылау жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары  экономикалық білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінің келесі күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде

 

 

 

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының  2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
  3. білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқытуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  1. еңбек қызметін растайтын құжаттын нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
  2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды  (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  6.  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат  тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  7.  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат  тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 

Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 041800,Ұйғыр ауданы,Шонжы селосы, Құдайбергенов  көшесі, 60 үй. Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты.