Жарияланған күні: 30.12.2016 16:19
Өзгертілген күні: 30.12.2016 16:21

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Ұйғыр ауданы бойынша Мемлекеттік  кірістер  басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

 

БСН 950140000624, 041800, Шонжы селосы, Қудайбергенов   көшесі, 60, анықтама телефоны: (872778) 2-16-49, факс 2-16-49, электрондық мекенжайы:ugd.uigurskii@kgd.gov.kz,ai.ibragimova@kgd.gov.kz

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

Байқаушымен сарапшының конкурстық комиссия отырысынақатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген  бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатысаалады.    

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы  арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды  түрде  электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түп нұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей  береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес  сот тәртібінде  конкурс  комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

  С-R-4 санаты үшін  келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, «ҚазақстанРеспубликасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының

Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

Min

Max

        C-R-4

73 288

99 105

 

Құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімініңбас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы  уақытына 05.01.2018ж дейін),С-R-4 санаты,№ 06-2-1.

 

Қызметтік міндеттері:Мемлекеттік кіріс басқармасының заңды мүдделері мен құқығын қорғауды жүзеге асыру, прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау. Басқармадағы тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ құпиялық тәртібіне талдау жасау. Құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Сот тексерулеріне қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, Басқарманың талап-арыз жұмысын жүргізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру.

Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  экономикалық, құқықтық білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінің келесі күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде (04.01.2017-12.01.2017).

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1.  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуҚағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 

Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 041800,Ұйғыр ауданы,Шонжы селосы, Құдайбергенов  көшесі, 60 үй.