Жарияланған күні: 15.07.2016 14:38
Өзгертілген күні: 15.07.2016 14:41

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

                Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

          Мемлекеттік қызмет өтілі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-5

64 960

88 279

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Көксу  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы, БСН: 080740008619, индекс 041200, Алматы  облысы, Көксу  ауданы,  Балпық би ауылы, Измайлов көшесі, № 6, анықтама телефоны: (8-72838) 4-24-54, 4-24-51, электрондық мекен-жай: Koksu@taxalmaty.mgd.kz, Amendihanov@taxalmaty.mgd.kz

         Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:

         1 Құқықтық – ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің  жетекші  маманы   (1 бірлік) С-R-5 санаты, № 06-3-1.

         Қызметтік міндеттері : Салық төлеушілердің салық бойынша және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың қолданылатын шараларына бақылау жасау және жүзеге асыру, салық заңдылығының орындалуына бақылау жасауға, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын жүзеге асыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын бақылау және үйлестіру, салық төлеушілерге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерін  берешегі бар салық төлеушілірге хабарламалар табыстау, инкассалық өкімдер қою, әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәкес әкімшілік жауапкершілікке терту, әкімшілік айыппұлдарды толықтай өндіру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. 

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі экономикалық, құқықтық, техникалық білім

         Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын; "Қазақстан - 2050" Стратегиясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президентi» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі, Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

Құжаттарды қабылдау жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде, 2016 жылдың 15- шілдесінен бастап 2016 жылдың 25- шілдесін қоса есептегенде, мына мекен жайы бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Көксу  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы, БСН: 080740008619, индекс 041200, Алматы  облысы, Көксу  ауданы,  Балпық би ауылы, Измайлов көшесі, № 6, анықтама телефоны: (8-72838) 4-24-54, 4-24-51, электрондық мекен-жай: Koksu@taxalmaty.mgd.kz, Amendihanov@taxalmaty.mgd.kz қабылданады.

Іріктеуге қатысу үшін:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу  Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымына орналасуға конкурс өткізу  3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
       3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).