Жарияланған күні: 08.12.2017 15:14
Өзгертілген күні: 08.12.2017 15:18

Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды

 

Мына мекен жайы бойынша: индекс 040800, Алматы  облысы, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй, анықтама телефоны: (8-72772) 4-18-54, факс 4-12-05, электрондық мекен жайы: ma.oskenbaeva@kgd.gov.kz

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

C-R-4  санаты үшін: жоғары,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73 288

99106

       Қажетті құжаттардың тізбесі:

       Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

          Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы       жарияланған күннің келесі күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде

1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты, (№ 07-2-2)

Қызметтік міндеттері: Әкімшілік іс жүргізу, салықтарды өндіріп алу, ҚҚС –ның түсуі мен қайтарудың заңдылығын бақылау. Акциздік өнімдердің айналымы мен өндіріс саласындағы қызметін жүзеге асыратын және қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төленетін акциздердің толық және уақытылы төленуіне тексеру жүргізу. Акциздік салықты ұйымдастыруды жэне акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылау мәселелеріне қатысты заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру. Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізу, салық төлеушілердің хаттарын қарау. Жанама салықтардың түсуіне бақылауды жүзеге асыру. Бюджетке жанама салықтардың түсуін қарастыратын  ҚР заңнамаларының  орындалуын қамтамасыз ету. ҚҚС қайтарудың әкімшілік жүргізуін өндіріп алу мен түсуін және заңдылығын  бақылау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 2. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты, (№ 04-2-2) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне)

Қызметтік міндеттері: ҚР БСАЖ, ҚҚС АЖ, ИСИД, СЕЭН, СГДС ақпараттық жүйелерінің көмегімен ақпараттарды қабылдауды, өңдеуді қамтамасыз ету.Бюджетке төленетін  салықтар және басқа да міндетті төлемдердің дұрыс, толық және уақтылы есептелуін,  есебін және олардың түсімін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.Болжамдық көрсеткіштерді орындау.Салықтар бойынша табыс етілген декларациялар және есептер жиынтығы бойынша тұрақты камералдық бақылауды жүзеге асыру.Салық түсімдерінің динамикасын талдау.  Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

3. Құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты,  1 бірлік, №08-2-1

Қызметтік міндеттері: Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы заңнамаларына сәйкес конкурстық іріктеу, кадрлар резерві, мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан  өткізу, кадрлар резервін жасақтау және қолдану, Қапшағай қаласы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру  сұрақтары  бойынша жүктелген қызметтік міндеттерін орындау. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік қызметке қатысты шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер туралы  жеке мәліметтерді есепке алу, бағалау нәтижелері, аттестация  және оқудан өтуі. Кадрлар жағдайы туралы және конкурс нәтижелері туралы  мониторнинг жасау, ҚРҚМ МКК-не, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне есептер  дайындау,   еңбек және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы заңнамаларды қолдану жөнінде мемлекеттік қызметкерлерге кеңес беру, Басқарма құзырына кіретін сұрақтар бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру,  ҚР заңнамаларына сәйкес және қызметтік міндеттеріне сәйкес басқа да қызметтер атқарады. Басқарманың лауазымды тұлғаларына қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау бойынша олардың құқықтық ережесі мәселелері бойынша кеңес беруді жүргізу. Басқарма қызметкерлердің жеке іс қағаздарын әзірлеу. Мемлекеттік кірістер басқармасындағы  конкурс нәтижесін, кадр резервінің жағдайын маниторингін жасау; Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерге кеңес беру, Кеңсе, ұйымдастырушылық жұмыс. Келіп түскен хаттарды, арыздарды, өтініштерді бөлімнің құзыры шегінде қарау. Пошта арқылы түскен ақпараттарға талдау жасау. Бөлімдердің есебі мен жоспарын жинақтау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

         4. Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты,  1 бірлік, №03-2-1

Қызметтік міндеттері: БСАЖ АЖ, ОББЕ АЖ, СЕӨС АЖ, ЭҚАБЖ, МОИП ақпараттық жүйелерінің көмегімен  құжаттарды қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз ету. Салық төлеушілерден салық есептілік нысандарын қабылдау. Қабылданған есептеме және декларациялар бойынша жиынтық ақпараттарды құрастыру.Бөлімнің қызметіне қатысты хаттар мен сұраныстарды дайындау.Салық заңнамаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар беру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық және  құқықтық жоғары білім.

Құжаттарды қабылдау мына мекен-жайы бойынша: индекс 040800, Алматы  облысы, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй,

Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын ma.oskenbaeva@kgd.gov.kz электрондық адреске ұсына алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағымдану тәртібі: конкурсқа қатысушылар және кандидаттар конкурс комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда өкілетті органға, аймақтық бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________   бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуғажіберуіңізді сұраймын.           

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізужәне конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қосаберілгенқұжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________________________________________________________________

 

________                                                    ______________________________                       қолы                                                          (Т.А.Ә. (болғанжағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.