Жарияланған күні: 05.05.2018 09:12
Өзгертілген күні: 05.05.2018 09:16

Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды (10.05.2018-14.05.2018 қоса есептегенде)

 

индекс 040800, Алматы  облысы, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй, анықтама телефоны: (8-72772) 4-18-54, факс 4-12-05, электрондық мекен жайы: Masylhanova@taxalmaty.mgd.kz, m.asylkhanova@kgd.gov.kz ,БСН 940340000273

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы       жарияланған күннің келесі күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде, 10.05.2018-14.05.2018 қоса есептегенде

       Қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

     Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

     Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

          Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

           Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы  құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және  өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттар бере алады.

Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар конкурс комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда өкілетті органға, аймақтық бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

 

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

C-R-4  мемлекеттік әкімшілік лауазымдары  санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім. мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. 

Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73 288

99106

       

          1. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты, (индекс №04-2-3) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне)

     Қызметтік міндеттері: ҚР БСАЖ, ҚҚС АЖ, ИСИД, СЕЭН, СГДС ақпараттық жүйелерінің көмегімен ақпараттарды қабылдауды, өңдеуді қамтамасыз ету.Бюджетке төленетін  салықтар және басқа да міндетті төлемдердің дұрыс, толық және уақтылы есептелуін,  есебін және олардың түсімін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.Болжамдық көрсеткіштерді орындау.Салықтар бойынша табыс етілген декларациялар және есептер жиынтығы бойынша тұрақты камералдық бақылауды жүзеге асыру.Салық түсімдерінің динамикасын талдау.  Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық және  құқықтық жоғары білім.

Құжаттарды қабылдау мына мекен-жайы бойынша: индекс 040800, Алматы  облысы, Қапшағай қаласы, №5 ықшамауданы, №1 үй,

Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын Masylhanova@taxalmaty.mgd.kz, m.asylkhanova@kgd.gov.kz электрондық адреске ұсына алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________   бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.           

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________________________________________________________________

 

________                                                    ______________________________                       қолы                                                          (Т.А.Ә. (болғанжағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.