Жарияланған күні: 23.01.2017 10:56
Өзгертілген күні: 23.01.2017 10:58

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс

жариялайды

БСН 020740001600, 040700, Алматы  облысы, Іле  ауданы, Өтеген батыр кенті,  Титова көшесі, 9 «А», анықтама телефоны: (8-72752) 2-04-38, электрондық мекен-жайы: Ili@taxalmaty.mgd.kz, Krahimov@taxalmaty.mgd.kz, k.rahimov@kgd.gov.kz.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

      С-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;

    4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

   4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;         

   5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде,  яғни 2017 жылдың 24-ші қаңтарынан 2017 жылдың 26–шы қаңтарын қоса есептегенде қабылданады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-3 C\           C-R-3

96 607

129 920

C-R-3\              C-R-4

73 288

99 105

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:

1. Өндірістік емес  төлемдерді  және  жеке  кәсіпкерлерді  әкімшілендіру  бөлімінің  басшысы, (1 бірлік ) С-R-3 санаты, ( №04-6-1)

Қызметтік міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі,  толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау.Әр табыс көзі бойынша салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету жөнінде өндірістік емес төлемдер бойынша анықтама, қорытынды және ұсыныстар дайындау,әкімшілік жүргізуді, талдауды және бақылауды жақсарту мақсатында ұсыныстарды өңдеуге қатысу;  өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып білу;өндірістік емес төлемдерді жинау үшін әкімшілік тәсілдерді талдау және оны жан-жақты оқып білу; аумақтық Мемлекеттік кіріс басқармалармен бірігіп өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалау; өндірістік емес төлемдерді дұрыс есептеуін, толық және мезгілінде бюджетке түсуін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, құқықтық  жоғары  білімі.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;                                                                                                                                                                                                            Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. Өндірістік емес  төлемдерді  және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру  бөлімінің  бас  маманы, (1 бірлік ) С-R-4 санаты (уақытша, негізгі қызметкердің  бала  күту  демалысы  мерзіміне 04.11.2019 жылға  дейін),  (№04-6-4)

Қызметтік міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі,  толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау.Әр табыс көзі бойынша салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету жөнінде өндірістік емес төлемдер бойынша анықтама, қорытынды және ұсыныстар дайындау,әкімшілік жүргізуді, талдауды және бақылауды жақсарту мақсатында ұсыныстарды өңдеуге қатысу;  өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып білу;өндірістік емес төлемдерді жинау үшін әкімшілік тәсілдерді талдау және оны жан-жақты оқып білу; аумақтық Мемлекеттік кіріс басқармалармен бірігіп өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалау; өндірістік емес төлемдерді дұрыс есептеуін, толық және мезгілінде бюджетке түсуін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық,  құқықтық  және  техникалық  жоғары  білімі.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

         Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;                                                                                                                                                                                                            Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3. Заңды  тұлғаларды  әкімшілендіру  бөлімінің бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты,  (№07-4-8)

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.  Жеке тұлғалардан бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық және уақытылы енгізілуін, болжамның орындалуын бақылау.Ауданның жеке тұлға-салық төлеушілері  бойынша жер, мүлік, көлік салықтарының толық және уақытылы түсуін бақылау, олардың түсу динамикасын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық және  құқықтық жоғары білім.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;   

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

4. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты,  (уақытша, негізгі қызметкердің  бала  күту  демалысы  мерзіміне 16.05.2019 жылға  дейін) (№10-7-2).

Қызметтік міндеттері: Әкімшілік жүргізу, салықтарды өндіріп алу, ҚҚС –ның түсуі мен қайтарудың заңдылығын бақылау. Акциздік өнімдердің айналымы мен өндіріс саласындағы қызметін жүзеге асыратын және қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төленетін акциздердің толық және уақытылы төленуіне тексеру жүргізу.Акциздік салықты ұйымдастыруды жэне акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылау мәселелеріне қатысты заңнамаларды жетілдіру жөніндеұсыныстар беру. Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізу, салық төлеушілердің хаттарын қарау. Жанама салықтардың түсуіне бақылауды жүзеге асыру.Бюджетке жанама салықтардың түсуін қарстыратын  ҚР заңнамаларының  орындалуын қамтамасыз ету. ҚҚС қайтарудың әкімшілік жүргізуін өндіріп алу мен түсуін және заңдылығын  бақылау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық  және  құқықтық жоғары  білім. 

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.                  

          5. Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 03.10.2019 жылға дейін), (№12-8-2)

Қызметтік міндеттері: Сот тексерулеріне қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, басқарманың талап-арыз жұмысын жүргізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық  және  құқықтық жоғары  білім. 

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.                                                      

6. Құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары  бөлімінің  бас маманы (1 бірлік ) С-R-4 санаты, (№13-9-3) 

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс басқармасының  заңды мүдделері мен құқығын қорғауды жүзеге асыру, прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау. Басқармадағы орындалу тәртібінің жағдайына талдау жасау. Құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Сот тексерулеріне қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, басқарманың талап-арыз жұмысын өткізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Құқықтық  жоғары  білімі