- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 16.03.2017 18:56
Өзгертілген күні: 16.03.2017 18:58
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер депаратментінің «Достық» кедені «Б» корпусының төменгі болып табылатын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені, 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, анықтама телефоны: (872833) 32037, электрондық мекенжайы: b.bilisbekov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz., keden.dostyk@mail.ru.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
C-О-6 |
74 954 |
101 604 |
- «Теміржол» кеден бекетінің жетекші маманы C-О-6 санаты бойынша индекс №ТКБ-17-95, ТКБ-17-96, тұракты 2 бірлік және уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне, 12.06.2017 жылға, 16.12.2017 жылға, 13.01.2018 жылға дейін С-О-6 санаты, 3 бірлік индекс №ТКБ-17-92, ТКБ-17-93, ТКБ-17-94.
Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген ҚР заңдарын және кеден заңдарын сақтау; өз құзыреті шегінде ҚР егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді,әкелінетін тауарларды тұтынушылардың құқықтарын сақтау; кедендік бақылаудың формаларын штаттық тәртіпте қолдану; тауарларды кедендік процедураларға орналастырылғаннан шығарғанға дейінгі шараларды қоса алғандағы кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік ресімдеу жазбаша және кедендік декларацияны қолданумен кедендік құжаттардың қағаз даналарының архивын жүргізу,сонымен қатар қолданбалы программалы қамсыздандыруды мәлімдер базасын жүргізу; кеден одағы шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қосқанда кеден ісі саласында кедендік бақылау жүргізу; жеке және кедендік уәкілетті бөлімдермен Кедендік бақылау аймақтар режим тәртібін сақталуды бақылау; кедендік бақылаудың формалар мен объектілерін анықтау мақсатында, тәуекелді басқару жүйесін пайдалана отырып кедендік бақылау жүргізу; кедендік тексерудің, кедендік қараудың нәтижесімен тексеру актісін толтыру; өз құзыреті шегінде кеден құрылымдық өзара қарым-қатынаста болу,бақылаушы органдармен,теміржолмен, кеден өкілімен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және экспедиторлық компаниялармен; келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарын дайындауға қатысу, кедендік бекетте енгізумен сәйкес статистикалық есептілік ұсыну; қызметтік құжаттар, мөрлер,жеке нөмірлік мөрлер,штамптар, пломбираторлар және басқа сәйкестендіру белгілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын сақтау; бекет құзіреті шегінде құқықтық нормативтік актілерді жетілдіруге қатысу; комитет пен сәйкес кеден бөлімдеріне есеп пен бақылау жүргізуге қажетті мәліметтерді ұсыну; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндірмелер жүргізу; кедендік бақылау жүргізу кезінде контрабанда, қылмыстар немесе құқықбұзушылық анықталса тез арада бекет бастығына жазбаша рапортпен жеткізу; тауарлар мен көлік құралдар кедендік алып жүру; ҚР заңдарында көзделген басқа да құқықтарды орындау.
Негізгі талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ветеринария, немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде (17.03.2017-30.03.2017 қоса есептегенде) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі 10 бөлмеге немесе b.bilisbekov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz., keden.dostyk@mail.ru. электрондық мекен-жайға тапсырылуы тиіс, анықтама телефоны: (872833) 32037.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін тестілеу бағдарламасы:
B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жеке қасиетін бағалайтын тестілеу бағдарламасы:
B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;
Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Кандидаттармен әңгімелесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кеденінде әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (10 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған Кеденінің қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.