- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 26.07.2017 10:55
Өзгертілген күні: 26.07.2017 10:59
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кеденінің «Б» корпусының бос мемлекеттік төменгі болып табылмайтын бос әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды (27.07.2017-04.08.2017 қоса есептегенде)
Конкурс өтетін мекен-жайы: 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., ku.segizbaeva@kgd.gov.kz БСН: 990840000667.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі 10 бөлмеге немесе b.bilisbekov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz., keden.dostyk@mail.ru. электрондық мекен-жайға тапсырылуы тиіс, анықтама телефоны: (872833) 32037.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін тестілеу бағдарламасы:
Екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.
"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:
2) бағдарлама А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;
Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Кандидаттармен әңгімелесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мелмелкеттік кірістер департаментінің «Достық» кеденінде әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға
бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат
кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-
6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда
немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет
өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен
емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты
мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық
маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының
депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі
бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі
құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының
лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының
тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының
немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу
орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша
оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-5 |
83282 |
112431 |
- Заң бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ЗБ-03-2, (1 бірлік) тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау, нормативтік құқықтық актілер жобасының құқықтық сараптамасын жасау, мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерді алып жүру; мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты құқық қолдану практикасын жинау және талдау, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамаларын кеденнің қүрылымдық бөлімдеріне түсіндіру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнама мен әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісі шеңберінде шағымдар қарау; мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік және сот практикасын жалпылау, талдау және осы қорытындылау мен талдау бойынша нәтижелерді қалыптастыру; мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасау; кеденнің талап арыз жұмыстарына қатысу. Басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:
Білімі жоғары: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.
- Персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ПЖБ-04-5 (1-бірлік) тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттіліктерді жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандардың қажеттілігіне байланысты штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау, Кеденнің лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, еңбек демалысын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Кеден персоналының еңбек тәртібінің талаптарын сақтауына бақылау, қажет болған кезде кінәлілерді тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда консультация беру. Кеденнің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру әдістерінің нысандарын жетілдіруге бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда және құрылымдық бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденде мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың талаптарын іске асыру мәселелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу; азаматтардың және Кеденнің құрылымдық бөлімшелердің өтініштерін, Бөлім басшысының тапсырмаларын қарау; Кеденнің және құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қызметтік тергеулерді және тексерулерді жүргізу; Салық құпиясының сақталуын қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу және бекітілген міндеттер шеңбері бойынша құжаттардың, қатаң есептілік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе білім саласында.
- Талдау, тәуекелдер және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТТжМҚКБ -05-2 (1-бірлік) тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша талдау және есептік мәліметтерді жинап, қорытындылайды; кеден басшылығына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстар ұсынады; талдау жұмыстың қорытындылары бойынша тәуекел жобаларын бекітуді қарастырады және әзірлейді; тәуекел жобасын әзірлеу мақсатында кеден ісі саласында құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты жинап, талдап, қорытады; бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелді басқару жүйесін құру қағидасымен айқындау; тәуекелдерді басқару ақпараттық жүйесінің техникалық және функционладық талаптарын әзірлеуге ұсыныс енгізеді; кедендік іс саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін әзірлеуге қатысады; кедендік іс саласында ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға қатысады; кедендік іс саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар.
- Кедендік бақылау бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № КББ-11-2, (1-бірлік) тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Ай сайын және тоқсансайын кеден заңдарына қатысты сұрақтар бойынша кедендік өкілдермен «дөңгелек үстелдер» және «консультативтік кеңестер» өткізеді; «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша хаттама құруға; кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жасауға және кедендік бақылау жүргізуге уәкілетті кеден бекеттерінің, сонымен қатар кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу және т.б. мәселелер бойынша бақылауды жүзеге асыру; өткізу пункттерінде кедендік операцияларды жүргізу уақыттарына мониторинг жүргізу; зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және Кеден одағынның мүшесі мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің Бірыңғай тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілерін кедендік бақылауды жүзеге асыру; «Достық» кедені қызметінің аймағында тіркелген делдалдық компаниялардың қызметіне бақылау жасау; кеден ісі саласында қызмет атқартын тұлғаларды және уәкілетті экономикалық операторларды бақылау; Қазақстан Республикасының кеден ісі аясында қызмет атқаратын СЭҚ қатысушылардың құқықтарын және мүдделерін қорғау; өз еркімен және уәкілетті құралымдармен өзара бірлесіп кедендік бақылау аймағының тәртіптерін бақылау кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жүргізу; бөлімнің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады; кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
- Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТЖББ-12-4, (1-бірлік) тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: «ҚР ҚМ КБК ЖБО кедендік транзиттік жүйесін» қолдану, ТЖБАЖ-да кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау; жеткізілмеген тауарларды іздестіру; кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, беру және өтеу; тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды және уақытша сақтау мерзімдерін бақылау, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеу; уақытша сақтау орындарында электронды пломбаларды алу; ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі 1975 жылғы Кеден конвенциясына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру, ХЖТ кітапшаларын ашу және жабу, келгені туралы куәліктер беру, Safe TIR жүйесін пайдалана отырып, ХЖТ кітапшаларын жабу туралы ақпарат беру, тасымалдаушыларға ХЖТ рәсіміне рұқсат беру; тауарларды әкетуді (экспорт, кері экспорт) көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың іс жүзінде әкетілуін бақылау; СЭҚ-қа қатысушыларға іс жүзінде әкету туралы белгілері бар тауарларға арналған декларацияларды беру, салық органдарына тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы ақпаратты жіберу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді ұйымдастыру; кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдануды бақылау.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
- Кедендік бақылаудың техникалық құралдары бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № КБТҚ-13-3, (1-бірлік), уақытша 2019 жылдың 14 маусымына дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде.
Лауазымдық міндеттері: ҚР кедендік шекарасы арқылы өту кезінде барлық тауарлар мен көлік құралдарына және жолаушыларға (қол жүгіне) тұрақты қашықтықтан автоматтандырылған қондырғы көмегімен үнемі радиациялық бақылауды жүзеге асырады және табиғи шамадан асқан гамма-нейтрондық фоны тіркеледі; тасымалданатын құралдар көмегімен иондаушы сәулеленудің қайнар көзін (табиғи шамадан асқаны анықталған кезде), тауардың, қол жүгі (орны) орауының және көлік құралының (оның бөлігі) деңгейіне дейін шектейді; ұсталған радиоктивті материалдарды белгілінген тәртіп бойынша өкілетті органдарға өткізеді; иондаушы сәулелену көзінің қуаты оның спектралдық мінездемесін өлшеу арқылы теңестіреді; бөлімге түскен іс құжаттарына талдау, өндеу және ұйымдастыру жұмыстарын сондай-ақ, іс-жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады; бөлінетін және радиоактивті материалдарды заңсыз өткізудің анықталған деректері бойынша кеден ережесінің бұзылғаны туралы іс жүргізу, кеден саласындағы контрабанда және басқа да қылмыстар бойынша іс жүргізуге қатысу, анықтау жүргізуге көмек көрсетеді; «Достық» кедені орналасқан жерде радиациялық апат болған кезде көлік ұйымдары өкілдерімен, ҚР ТЖМ, ҚР ДСМ, ҚР АЭМ, ҚР ІІМ өкілдерімен бірлесе отырып, апат орнындағы радиациалық жағдайға бақылау жасайды. Қызметкерлердің жеке сәулелену мөлшерін анықтайды, радиациялық апатты тексереді, оның салдарын жою жұмысын ұйымдастырады; басқа құқық қорғау ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықта мемлекеттік шекарадан бөлінетін және радиоктивтік материалдардын заңсыз өткізілуін болдырмауын алдын-алуға қатысты шараларға қатысады; тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасын және кеден ережелерін бұзылуын анықтау, ашу және тіркеу мақсатында кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану үшін іс-шаралар жүзеге асырады.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
- Тауар номенклатурасы және кедендік құн бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТНжКҚБ-14-2, (1-бірлік), уақытша 2019 жылдың 12 қазанына дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде.
Лауазымдық міндеттері: Тауарлардың кедендік құн деңгейін бақылау, тауарларды дұрыс жіктеу, тауарлардың шығарылған елін айқындау және кедендік баж ставкаларының деңгейін қолдану, жеңілдіктер мен тарифтік преференцияларды ұсынудың заңдылығы бөлігінде тауарлардың кедендік декларациялауын мониторингтеу, Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізілуін қамтамасыз ету; бекітілген болжам тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс төленуін бақылауды жүзеге асыру; Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсім пұлдың түсуін есепке алады; кедендік төлемдерді, салықтарды және өсім пұлды төлеу бойынша жеке шоттардың жүргізілуін бақылау; төлем карточкалары арқылы төленген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсім пұлдың түсуін бақылау; ақшаны уақытша орналастыру шоттарында және кедендік баждардың, салықтардың және өсім пұлдардың төленуін қамтамасыз етудің өзге де шараларын есепке алу және бақылау; кедендік төлемдер, салықтар және өсім пұл бойынша берешек сомасының төленуін, өтелуін және өндіріп алынуын есепке алу және бақылау; кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу; кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен көзделген мемлекеттік органдарға есептік деректерді және басқа да құжаттарды дайындау.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
- «Теміржол» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, уақытша 2019 жылдың 25 қазанына дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде, 1-бірлік, индекс № ТКБ-17-35.
Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау және кедендік ресімдеу бойынша бағынышты лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңның сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау жүргізу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін,сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын, айналаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға,тұтынушыларды шеттен келген тауарлардан қорғауға; штаттық орналастыруға сәйкес кедендік бақылау формаларын орналастыру; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы аясында тауарлардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік декларацияны қолдана отырып кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; Кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; теміржолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; келешектегі және қазіргі жоспарларды жүзеге асыруға қатысуға, кеден бекетінің статистикалық есебін жүргізу; қызметтік құжаттаманың, мөрлердің, штамптардың, дербес нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және теңестірудің басқа да құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; бекеттің құзыры шегінде құқықтық актілерді өңдеу және өңдеуге қатысу; есепке алу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді Комитетке және кеденнің тиісті бөлімшелеріне тапсыру; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу; кедендік бақылау кезінде контрабанда немесе басқа да қылмыс белгілері анықталған жағдайда тез арада кеден бекетінің басшысын хабардар ете отырып, Достық кеденінің басшысының атына құжаттармен рәсімделген түрде рапорт жазу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да штатпен орналастыру.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары.
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
_____________________________________________ |
|
|
_____________________________________________ |
||
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||
1. |
Туған күні және жері/ |
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша)/ |
|
3. |
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ |
|
4. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|
5. |
Шетел тілдерін білуі/ |
|
6. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|
7. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|
8. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
9. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ |
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|
|
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации |
|
қабылданған/ |
босатылған/ |
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |