Жарияланған күні: 28.09.2018 19:06
Өзгертілген күні: 28.09.2018 19:09

 «Достық» кедені «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

(01.10-03.10.2018ж. қоса есептегенде)

 

Индекс 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., a.nazarbaeva@kgd.gov.kz., БСН: 990840000667

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

          Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Әңгімелесу өтетін орны:  Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, 2-қабат.

С-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;

9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109 932

148 242

С-О-5

83 282

  1. 431
  1. Ұйымдастыру жұмыс бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, индекс  № ҰЖБ-07-1, 1-бірлік.

Лауазымдық міндеттері: Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; белгіленген тәртіппен бөлімнің лауазымды тұлғаларын лауазымға тағайындауға, сыйақы беруге, көтермелеуге, тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға  ұсыныс енгізуді жүзеге асыру; бөлімнің ірі және ағымдағы жұмыс жоспарын жоспарлау және  орындалуына бақылауды  жүзеге асыру; Кеденнің кеңейтілген кеңестерінде қаралатын мәселелерді және материалдарды қалыптастыру, Кеденнің құрылымдық бөлімшелерінің кеден басшылығының кеңестеріне  материалдарды дайындау мен ұсынудың белгіленген тәртібін сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Кеденнің қоғамдық консультативтік кеңестерін және дөңгелек үстелдерін БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру; БАҚ бойынша мониторинг жүргізу; сыни мақалаларға жедел жауап беру; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының уақытылы және сапалы  орындалуын бақылау және  таратуды жүзеге асыру.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, олардың уақытылы орындалуын бақылау; ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне ұсыну үшін 1-ТӨ тоқсан сайынғы статистикалық есепті қалыптастыру және шығарып салуды сүйемелдеу;  бөлімнің істер тізімдемесіндегі құжаттардың ішкі тізімдемесін жасап мұрағатқа өткізуге дайындау; мұрағаттағы құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізу; сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акті жасау; Жасалатын операциялардың (активтер мен қорларды есепке алу, жеткізушілер мен мердігерлермен есептеулерді есепке алу) үздіксіз құжаттамалық негіздемесін көрсету жолымен қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру.Кеденнің құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізу және орындаушылық тәртібі жағдайының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Кеденнің бюджет бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы жылдық және тоқсандық есептерін табыс етуді қамтамасыз ету; Жанар-жағар май есебін жүргізу; Баға ұсынымдарына сұрау салу және бір көзден өткізу тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және үйлестіру; Кеденнің құрылымдық бөлімдерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының уақытылы және сапалы  орындалуын бақылау және  таратуды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде кеден заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – Экономика және құқықтық білім.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

2.  «Теміржол» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты,  индекс   № ТКБ-15-12, 1-бірлік.

Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау және кедендік ресімдеу бойынша бағынышты лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңның сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау жүргізу; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін,сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын, айналаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға,тұтынушыларды шеттен келген тауарлардан қорғауға; штаттық орналастыруға сәйкес кедендік бақылау формаларын орналастыру; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы аясында тауарлардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік декларацияны қолдана отырып кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; Кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; теміржолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; келешектегі және қазіргі жоспарларды жүзеге асыруға қатысуға, кеден бекетінің статистикалық есебін жүргізу; қызметтік құжаттаманың, мөрлердің, штамптардың, дербес нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және теңестірудің басқа да құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; бекеттің құзыры шегінде құқықтық актілерді өңдеу және өңдеуге қатысу; есепке алу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді Комитетке және кеденнің тиісті бөлімшелеріне тапсыру; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу; кедендік бақылау кезінде контрабанда немесе басқа да қылмыс белгілері анықталған жағдайда тез арада кеден бекетінің басшысын хабардар ете отырып, "Достық" кеденінің басшысының атына құжаттармен рәсімделген түрде қызметтік жазба жазу; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да штаттық кесте бойынша орналастыру.     Өз құзыреті шегінде кеден заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары - экономика және  құқық, ветеринария.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 
_____________________

_____________________
(мемлекеттік орган)   

                                                          Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
________________________________________________________________________

 

 

___________                               ______________________________
  қолы                                                                                        (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.