- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 31.10.2017 14:41
Өзгертілген күні: 31.10.2017 14:44
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кедені «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсжариялайды
Құжаттарды қабылдау мерзімі:3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, құжаттар 01.11.2017 ж-03.11.2017 ж аралығында қабылданады
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Конкурс өтетін мекен-жайы:040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., ink.omerzakova@kgd.gov.kzБСН: 990840000667.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
С-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық,
әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа
төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда
немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен
емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік
қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат
кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4,
C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда
немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет
өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен
емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты
негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан
(облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе
халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья
лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық
немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы
мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери
басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери
басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі
жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық
лауазымдарда бір жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында
мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында
Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы;**
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-4 |
109932 |
148242 |
- Заң бөлімі басшысы, С-О-4 санаты, индекс № ЗБ-03-1, 1 бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері:Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету, нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілер жобасының құқықтық сараптамасын әзірлеу, мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерді алып жүру, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты заңнаманың құқықтық талдауын жүргізу (құқық қолдану практикасы бойынша), Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамаларын түсіндіру; өзге мемлекеттік органдардың және ұйымдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуіне қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің шеңберінде шағымдар қарау; мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік және сот практикасын қорытындылау, талдау, осындай қорытындылау мен талдау бойынша нәтижелер қалыптастыру; мемлекеттік органдармен, өзге ұйымдармен, соның ішінде құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасау; кеденнің жалпы қызметіне құқықтық сүйемелдеу бойынша кеденнің талап-арыз жұмыстарын ұйымдастыру; бөлімде басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауына бақылауды ұйымдастыру.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары –құқық.
- Мемлекеттік құпиялар қорғау бөлімі басшысы, С-О-4 санаты, индекс № МҚҚБ-13-1, 1 бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері:Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; бөлім тапсырмаларының орындалуын қадағалау; бөлімнің ірі және ағымдағы жұмыс жоспарын жоспарлау және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуде құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды бақылайды; Кеден қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеу үшін материалдарды дайындау; мемлекеттік құпиялардың техникалық қорғалуын ұйымдастыру; құпиялық жұмыстар мен құжаттарға рұқсат берілген кеден қызметкерлерімен нұсаулық жүргізу.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға
бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат
кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-
6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда
немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет
өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен
емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты
мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық
маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының
депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі
бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі
құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының
лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының
тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының
немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу
орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша
оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-5 |
83282 |
112431 |
- Персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ПЖБ-04-4, 1-бірліктұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттіліктерді жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандардың қажеттілігіне байланысты штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау, Кеденнің лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, еңбек демалысын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Кеден персоналының еңбек тәртібінің талаптарын сақтауына бақылау, қажет болған кезде кінәлілерді тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда консультация беру. Кеденнің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру әдістерінің нысандарын жетілдіруге бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда және құрылымдық бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденде мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың талаптарын іске асыру мәселелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу; азаматтардың және Кеденнің құрылымдық бөлімшелердің өтініштерін, Бөлім басшысының тапсырмаларын қарау; Кеденнің және құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қызметтік тергеулерді және тексерулерді жүргізу; Салық құпиясының сақталуын қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу және бекітілген міндеттер шеңбері бойынша құжаттардың, қатаң есептілік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе білім саласында.
- Ұйымдастыру жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ҰЖБ-07-2, 1-бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Кеденнің құрылымдық бөлімшелерінің тіл туралы заңнама, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері, Комитеттің, Кеденнің мемлекеттің тіл саясатын регламенттейтін бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулары нормаларының және ережелерінің сақталуын бақылау, Кеденнің басшылығы қол қоятын мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттары жобаларының мемлекеттегі тілдегі мәтіндерін редакциялаудан өткізуді қамтамасыз ету; Кеденнің құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша жоспарлы іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау; Пресс-конференциялар, брифингтер, ақпараттық хабар пресс – релиздер өткізуді ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін материалдар дайындау; Кеденнің құрылымдық бөлімшелеріне өз қызметі бойынша БАҚ-қа материалдар дайындауға ықпал ете отырып практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденнің қоғамдық консультативтік кеңестерін және дөңгелек үстелдерін БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру; БАҚ бойынша мониторинг жүргізу; сыни мақалаларға жедел жауап беру; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының уақытылы және сапалы орындалуын бақылау және таратуды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, олардың уақытылы орындалуын бақылау; ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне ұсыну үшін 1-ТӨ тоқсан сайынғы статистикалық есепті қалыптастыру және шығарып салуды сүйемелдеу; бөлімнің істер тізімдемесіндегі құжаттардың ішкі тізімдемесін жасап мұрағатқа өткізуге дайындау; мұрағаттағы құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізу; сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акті жасау; Жасалатын операциялардың (активтер мен қорларды есепке алу, жеткізушілер мен мердігерлермен есептеулерді есепке алу) үздіксіз құжаттамалық негіздемесін көрсету жолымен қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру; Материалдық құндылықтардың, құндылығы аз инвентарлардың есебін жүргізу; Жылдық және тоқсандық декларацияларды жасау және тапсыру, активтердің есебін жүргізу; Мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарының кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді тексеру және талдау; Баға ұсынымдарына сұрау салу және бір көзден өткізу материалдарын дайындау, шарт (келісім-шарттар) жобаларын дайындау.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдар, математика, информатика немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында.
- Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТЖББ-10-3, 1-бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері:«ҚР ҚМ КБК ЖБО кедендік транзиттік жүйесін» қолдану, ТЖБАЖ-да кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау; жеткізілмеген тауарларды іздестіру; кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, беру және өтеу; тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды және уақытша сақтау мерзімдерін бақылау, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеу; уақытша сақтау орындарында электронды пломбаларды алу; ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі 1975 жылғы Кеден конвенциясына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру, ХЖТ кітапшаларын ашу және жабу, келгені туралы куәліктер беру, Safe TIR жүйесін пайдалана отырып, ХЖТ кітапшаларын жабу туралы ақпарат беру, тасымалдаушыларға ХЖТ рәсіміне рұқсат беру; тауарларды әкетуді (экспорт, кері экспорт) көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың іс жүзінде әкетілуін бақылау; СЭҚ-қа қатысушыларға іс жүзінде әкету туралы белгілері бар тауарларға арналған декларацияларды беру, салық органдарына тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы ақпаратты жіберу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді ұйымдастыру; кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдануды бақылау.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес,, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
- «Теміржол» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс №ТКБ-15-30, ТКБ-15-31, 2-бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау және кедендік ресімдеу бойынша бағынышты лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңның сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау жүргізу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін,сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын, айналаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға,тұтынушыларды шеттен келген тауарлардан қорғауға; штаттық орналастыруға сәйкес кедендік бақылау формаларын орналастыру; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы аясында тауарлардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік декларацияны қолдана отырып кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; Кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; теміржолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; келешектегі және қазіргі жоспарларды жүзеге асыруға қатысуға, кеден бекетінің статистикалық есебін жүргізу; қызметтік құжаттаманың, мөрлердің, штамптардың, дербес нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және теңестірудің басқа да құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; бекеттің құзыры шегінде құқықтық актілерді өңдеу және өңдеуге қатысу; есепке алу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді Комитетке және кеденнің тиісті бөлімшелеріне тапсыру; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу; кедендік бақылау кезінде контрабанда немесе басқа да қылмыс белгілері анықталған жағдайда тез арада кеден бекетінің басшысын хабардар ете отырып, Достық кеденінің басшысының атына құжаттармен рәсімделген түрде рапорт жазу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да штатпен орналастыру.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары.
- «Алакөл» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс № АКБ-14-11, 1-бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау объектілері мен нысандарын айқындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылауды жүзеге асыру;Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кеденік операцияларды жүзеге асыру; Кеден органдарына жүктелген міндеттер шегінде көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; Өткізу пункті арқылы Кеден одағының шекарасынан өткен тауарлар мен көлік құралдарын, тасымалдаушыларды (жүргізушілерді)тіркеу, мемлекеттік бақылаудан өту талондарын есепке алу және тіркеуді жүзеге асыру; Кеден одағының кеден заңнамаларына сәйкес, кедендік декларациялауға байланысты көлік құралдарын халықаралық тасымалдауды уақытша әкелу немесе уақытша әкетуді ресімдеу, аяқтау соның ішінде ақпараттық технолдогияны (КААЖ-2) пайдалана отырып кедендік операцияларды жүзеге асыру; Тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандаралған жүйесін (бұдан әрі-ТЖБАЖ), салмақты тұрақты өлшеу жабдығын немесе қолмен өлшеу құралын пайдаланып параметрлердің шегінен шықпау көлемін анықтау; Кеден бекетінің электронды өткізу пункті (ЭӨП) арқылы, өткен автокөлік құралдарының автоматтандырылған есебін жүргізу; Kеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Өзіне заңнамалармен жүктелген, басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_______________________________________________________________________________________________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.