Жарияланған күні: 29.01.2018 12:08
Өзгертілген күні: 29.01.2018 12:09

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кедені «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

 

Индекс 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., a.nazarbaeva@kgd.gov.kz., БСН: 990840000667

Құжаттарды қабылдау мерзімі:3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Кандидаттармен әңгімелесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мелмелкеттік кірістер департаментінің «Достық» кеденінде әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде, келесі мекен жайда  өтеді: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, 2-қабат, мәжіліс залы.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушығабағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штаткестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарданемесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшіліклауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатымәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалықмаңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатыныңдепутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойыншаоқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

  1. Заң бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ЗБ-03-2, 1 бірлік тұрақты. 

Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау, нормативтік құқықтық актілер жобасының құқықтық сараптамасын жасау, мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерді алып жүру; мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты құқық  қолдану  практикасын жинау және талдау, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамаларын кеденнің қүрылымдық бөлімдеріне түсіндіру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнама мен әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісі шеңберінде шағымдар қарау; мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік және сот практикасын жалпылау, талдау және осы қорытындылау мен талдау бойынша нәтижелерді қалыптастыру; мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасау; кеденнің талап арыз жұмыстарына қатысу. Басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – құқық. 

  1. Тауар номенклатурасы және кедендік құн  бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТНжКҚБ-12-2, 1-бірлік уақытша, 2019 жылдың 12 қазанына дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде.

Лауазымдық міндеттері: Тауарлардың кедендік құн деңгейін бақылау,  тауарларды дұрыс жіктеу,  тауарлардың шығарылған елін айқындау және кедендік баж ставкаларының деңгейін қолдану, жеңілдіктер мен тарифтік преференцияларды ұсынудың заңдылығы бөлігінде тауарлардың кедендік декларациялауын мониторингтеу, Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізілуін қамтамасыз ету; бекітілген болжам тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс төленуін бақылауды жүзеге асыру; Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсім пұлдың түсуін есепке алады; кедендік төлемдерді, салықтарды және өсім пұлды төлеу бойынша жеке шоттардың жүргізілуін бақылау; төлем карточкалары арқылы төленген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсім пұлдың түсуін бақылау; ақшаны уақытша орналастыру шоттарында және кедендік баждардың, салықтардың және өсім пұлдардың төленуін қамтамасыз етудің өзге де шараларын есепке алу және бақылау; кедендік төлемдер, салықтар және өсім пұл бойынша берешек сомасының төленуін, өтелуін және өндіріп алынуын есепке алу және бақылау; кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу; кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен көзделген мемлекеттік органдарға есептік деректерді және басқа да құжаттарды дайындау.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – экономика және бизнес, немесе құқық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 
_____________________

_____________________
(мемлекеттік орган)   

                                                          Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

 

___________                               ______________________________
  қолы                                                                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.