- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 30.03.2018 18:05
Өзгертілген күні: 30.03.2018 18:07
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін
осы мемлекеттік органда ішкі конкурс жариялайды)
Индекс 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz, shmusabaeva@taxalmaty.mgd.kz, БСН 141140000549,
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
- осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
- тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Әңгімелесуге жіберілген және оң нәтиже алған кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету)
С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-5 |
83 282 |
112 431 |
- Аудит басқармасы №4 аудит бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 27.12.2021 жылға дейін), С-О-5 санаты, 1бірлік, №АБ 4-4-1.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім
Қызметтік міндеттері: Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеу. Техникалық сабақ жоспарын жасау және сабақ өткізу. Салық есебін жүргізу, қолданыстағы Жарлықтар мен ережелерді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мәселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау және ұйымдастыру. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
- Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, C-О-5 санаты, 1 бірлік, ЖСӘБ 2-2-1
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары экономикалық, құқықтық білім.
Қызметтік міндеттері: Есеп – бақылау маркаларын, акциздік маркалар, жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарын дұрыс пайдалану мен қозғалысын бақылау.Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымын анықтау мен тоқтату жөніндегі бақылау шараларын жүргізу.Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізеді, салық төлеушілердің хаттарын қарайды. Облыс көлеміндегі Мұнай өнімдерінің өндірілуіне, айналымына және әкелінуіне бақылау жасайды.Мұнай және акцизделетін өнімдердің өндірілуіне, айналымына бақылау жасайды. Этил спирті мен алкогольді өнімдерінің өндірілуіне байланысты лицензиялар беруді қадағалайды. Акцизделетін мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мен тоқтату жөніндегі бақылау шараларын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
3.Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы, 2 бірлік, C-О-5 санаты, №Алтынкөл КБҚ 1-2-1, №Алтынкөл КБҚ 1-2-2.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.
Қызметтік міндеттері: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді.
4. Пост-кедендік бақылау басқармасының камералдық кедендік тексерулер бөлімінің бас маманы(уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 21.02.2021 жылға дейін),, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №ПКББ 1-2-1
Қызметтік міндеттері: Кедендік тексерулер жүргізу. Кіргізілген, шығарылған товарды тексеру. Құжаттық, рейдтік, хронометраждық тексерулер. Ақпараттарды жинақтау, баяндама, хаттарға шолу жасау. 2Н-есептілігін қабылдау, салықтық тексерулердің сапасын бақылау, кезектен тыс салықтық тексерулердің қорытындысын талдау. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.
5.Камералдық бақылау басқармасының № 2 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік, №КББ 2-2-1
Қызметтік міндеттері: Аумақтық басқармалардың салық есептілігін қабылдау және өндеу жұмысын қадағалау. Аумақтық басқармаларға ақпараттық жүйелерімен жұмыс жөнінде әдістемелік көмек көрсету. Басқарма құзыры шегінде аумақтық салық басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыс жағдайын тексерулерге қатысу; салық есептілігінің нысандары мен камералдық бақылауларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық, кеден ісі білімі.
6. Адам ресурстары басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 29.06.2020 жылға дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік,№ АРБ 1-2-1
Қызметтік міндеттері: Кадр бірлігін іріктеу,орналастыру, штат кестесін дайындау. Орындаушылық тәртібінің жай -күйін талдау. Бос лауазымдық орындарға орналастыру және арнайы тексеруден өту үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асыру. Кадр жөніндегі жылдық және тоқсандық есептілікті жасау. Арнайы тексеруден өткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР-ның Бас прокуратурасы құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетің Алматы облысы бойынша басқармасына жаңа қабылданған қызметкерлердің құжаттарын дайындау.Аттестация, біліктілік байқауларын өткізуге керекті құжатар дайындау. Бос лауазымдық орындарға құжаттар дайындап хабарлама беру. Құпиялық тәртіпті сақтауды бақылау. Жыл сайынғы еңбек демалысы кестесін дайындау. "Е-Минфин" ақпараттық системасына мәліметтер енгізу. Бұйрықтар жазу. Компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік және орыс тілін іскерлік деңгейінде білу .
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, С-О-5 санаты, МҚКБ 3-2-2
Қызметтік міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі, толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау.Әр табыс көзі бойынша салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету жөнінде өндірістік емес төлемдер бойынша анықтама, қорытынды және ұсыныстар дайындау,әкімшілік жүргізуді, талдауды және бақылауды жақсарту мақсатында ұсыныстарды өңдеуге қатысады; өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып біледі;өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдерді жинау үшін әкімшілік тәсілдерді талдау және оны жан-жақты оқып біледі; аумақтық басқармалармен бірігіп өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалайды;өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдерді жинау әдістері жөнінде түсініктеме, кеңес хаттарын және нұсқамалар дайындайды;облыстың аумақтық салық комитеттеріне әдістік және іс жүзінде көмек көрсетеді;Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.
8. Кедендік бақылау басқармасының Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінін бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №КББ 2-2-1
Қызметтік міндеттері: Еркін қойма кеден рәсімін шектеу және аяқтау талаптарының сакталуына мониторингті жүзеге асырады; кері экспорт бойынша кеден рәсіміне мониторингті жүзеге асырады, кеден бекеттерінін экспорттық бақылау мен тарифсіз реттеу шараларын қолданудың зандылығына мониторинг жүргізеді; еркін койма иелерінен статистикалык көрсеткіштерді алады және бөлімнің бағыты бойынша есепті Комитетке беру үшін қалыптастырады; Казакстан Республикасы мен Кеден одағынын кеден заңнамасымен белгіленген Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарларга қатысты шектеулер мен тиымдарды өз құзыреті шегінде, кеден рәсіміне тауарларды орналастыру мен олардың әрекеттерін аяқтау бойынша шарттардың, тауарлар орналастырылғанда кеден одағының статусын алмайтын кеден рәсімінің шарттарын сакталуын кедендік бақылайды және ұйымдастырады, соның ішінде ақпараттық технологияны қолдана отырып; тауарларға кедендік бақылау бойынша белгіленген тәртіпте нормативті-құқықтық актілерді дайындау бойынша ұсыныстар береді; «ТТС УМД» көрсеткіштер базасына кеден транзиті кеден рәсімін аяктау бойынша дер кезінде мәліметтерді енгізудің мониторингін жүзеге асырады; КР «КР кеден ісі туралы» кодекстің 2656 сәйкес, ӨТСК мен баска да орындарға келген тауарларға ХЖТ кітапшасын жабуды жүзеге асырады; КР мемлекеттік шекарасында радиационды бақылауды жүзеге асыруда кеден органының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық және экономикалық білім.
9. Камералдық бақылау басқармасының № 2 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 01.12.2020 жылға дейін)С-О-5 санаты, 1 бірлік, №КББ 2-2-1
Қызметтік міндеттері: Аумақтық басқармалардың салық есептілігін қабылдау және өндеу жұмысын қадағалау. Аумақтық басқармаларға ақпараттық жүйелерімен жұмыс жөнінде әдістемелік көмек көрсету. Басқарма құзыры шегінде аумақтық салық басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыс жағдайын тексерулерге қатысу; салық есептілігінің нысандары мен камералдық бақылауларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық, кеден ісі білімі.
С-О-4**** мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы;**
9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-4 |
109 932 |
148242 |
10. «Алтынкөл» кеден бекетінің басшысының орынбасары, 1 бірлік, C-О-4 санаты, №Алтынколь КБҚ-1-1-1
Қызметтік міндеттері: Кеден бекетінің қызметін толық басқарады; Департаменттің және Комитеттің бұйрықтары, өкімдері мен нұсқауларын орындау бойынша бақылау жүргізеді. Қызметкерлерінен еңбек тәртібін, кедендік рәсімдеу мен бақылаудың заңдылығын сақтауды талап етеді. Кеден бекетінің ағымдағы жоспарларын ұйымдастырады және келісімге ұсынады. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын ұстануды талап етеді.Кедендік істі асыру барысында азаматтардың және ұйымдардың өкілеті мен заңды құқықтарын орындауды бақылайды. Кеден бекеті лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттерін бөледі; кадрлік-тәрбие жұмысын жүргізу, тәртіптік жаза, мадақтау және кадрлік іріктеу шараларын қолдану туралы Департамент басшысына ұсыным береді. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Лауазымды тұлғаларымен қауіпсіздік техникасын ұстануды, еңбек қорғау, сондай-ақ кеден бекеттің қызметі үшін керекті жағдайларды қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына және кеден бекеті туралы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіліктерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім
11. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының Өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы, 1 бірлік, С-О-4 санаты, МҚКБ 3-1
Қызметтік міндеттері: Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге жауапты. Уәкілетті органдардан мәліметтерді уақытында алуға және өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық түсуіне жалпы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қажетті мәліметтер мен есептілікті жоғарғы органдарға уақытылы және сапалы түрде тапсыру. Бөлімге бекітілген өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып білу; аумақтық басқармалармен бірігіп бөлімге бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен- жайы және байланыс телефоны
__________________________________________________________________________________
_______________ _____________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.