- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 27.12.2016 10:32
Өзгертілген күні: 27.12.2016 10:34
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған мемлекеттік органда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды (28.12.2016-30.12.2016 қоса есептегенде)
БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz, g.beisekbay@kgd.gov.kz
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қабылданады (28.12.2016-30.12.2016 қоса есептегенде)
.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5,
C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Осы санаттағы лауазымдар бойынша Қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-5 |
83282 |
112431 |
- Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 14.02.2018 ж.д.), С-О-5 санаты, №АТБ 1-2-1
Қызметтік міндеттері: Word, Excel, E- mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс.Ақпараттық жүйелерге бағдарламаларды енгізу, қолдану және қамтамасыз ету. Аумақтық басқармаларының қызметкерлерін ақпараттық жүйені пайдаланушы ретінде оқытуды ұйымдастыру. Салық есептілігі нысандарын ҚР ТАСЖ (ИНИС РК), СЕӨЖ (СОНО), ОБЖШ АЖ (ЦУЛС) ақпараттық жүйелерді енгізу мен қолдануды бақылау. ҚР ТАСЖ (ИНИС РК) жүйесін енгізу мен қолдануды бақылау. Электронды пошта және электронды пошта жүйесіне әкімшілік жүргізуді бақылау. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жергілікті компьютерлік байланыс жүйесінің және есептеуіш техникасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Департамент пен аумақтық басқармаларының сервер жұмысын бақылау. Бағдарлама құра білу, есептеу құралдары мен оргтехникаға қызмет көрсету. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшынның техникалық тілін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, техникалық жоғары білімі.
2. Кедендік бақылау басқармасының тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, С-О-5 санаты, №КББ-2-2-1
Қызметтік міндеттері: Еркін қойма кеден рәсімін шектеу және аяқтау талаптарының сакталуына мониторингті жүзеге асырады; кері экспорт бойынша кеден рәсіміне мониторингті жүзеге асырады, кеден бекеттерінін экспорттық бақылау мен тарифсіз реттеу шараларын қолданудың зандылығына мониторинг жүргізеді; еркін койма иелерінен статистикалык көрсеткіштерді алады және бөлімнің бағыты бойынша есепті Комитетке беру үшін қалыптастырады; Казакстан Республикасы мен Кеден одағынын кеден заңнамасымен белгіленген Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарларга қатысты шектеулер мен тиымдарды өз құзыреті шегінде, кеден рәсіміне тауарларды орналастыру мен олардың әрекеттерін аяқтау бойынша шарттардың, тауарлар орналастырылғанда кеден одағының статусын алмайтын кеден рәсімінің шарттарын сакталуын кедендік бақылайды және ұйымдастырады, соның ішінде ақпараттық технологияны қолдана отырып; тауарларға кедендік бақылау бойынша белгіленген тәртіпте нормативті-құқықтық актілерді дайындау бойынша ұсыныстар береді; «ТТС УМД» көрсеткіштер базасына кеден транзиті кеден рәсімін аяктау бойынша дер кезінде мәліметтерді енгізудің мониторингін жүзеге асырады; КР «КР кеден ісі туралы» кодекстің 2656 сәйкес, ӨТСК мен баска да орындарға келген тауарларға ХЖТ кітапшасын жабуды жүзеге асырады; КР мемлекеттік шекарасында радиационды бақылауды жүзеге асыруда кеден органының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технология.
* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады