Date of publication: 25.01.2022 15:03
Date of changing: 25.01.2022 15:06

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібі

Салық кодексінің 434-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген).

Экспорттаушыларды Қазақстан Республикасының аумағында валюталық түсімді өткізуге ынталандыру мақсатында салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілеріне ҚҚС асып кеткен сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде оңайлатылған қайтаруды көздейтін толықтыру енгізілді.

ҚР Қаржы министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша көрсетілген норманы іске асыру үшін ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуде, онда салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі айқындалатын болады.

Сондай-ақ Министрлік ҚР Ұлттық банкімен келісім бойынша валюталық түсімді айырбастау туралы салық органдарына қорытынды беру тәртібі мен нысанын бекіту туралы бұйрық әзірлеуде.