
Тәуекел дәрежесі туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2022 жылдың 1 жартыжылдығына тәуекел дәрежесі бойынша санаттарға бөлу нәтижелері бойынша салық төлеушілер тарапынан өтініштердің жиілеуіне байланысты келесіні хабарлайды.
Комитетпен, бөгде бағдарламалық қамтылымды, (мысалы, Google Chrome немесе Mozilla Firefox браузерін және т. б.) пайдалануға байланысты "салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасында тәуекел дәрежесін дұрыс көрсетпеу фактілері анықталды. Мысалы, тәуекел дәрежесі жолы «жоғары тәуекел» деп және "төмен" деген сөздің орнына "төменірек" (1-сурет), сонымен бірге ескертпеде "2022 жылғы 1 жартыжылдыққа кезекті санаттарға бөлу нәтижелері бойынша берілген тәуекел дәрежесі" орнына "2022 жылғы 1 жартыжылдыққа кезекті санаттарға бөлу нәтижелері бойынша берілген жоғары тәуекел" деп көрсетіледі (2-сурет).
Осыған байланысты, мұндай фактілерді салық төлеушілердің өздері анықтаған жағдайда, пайдаланылатын браузерде аудармашыны ажырату қажет (3-сурет) немесе аудармашы жоқ басқа браузерді пайдалану қажет. Нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін "салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына қайта кіру қажет және тәуекел дәрежесі туралы ақпарат дұрыс көрсетіледі.