
ҚҚС нөлдік мөлшерлеме бойынша
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 393 – бабының 1-тармағына сәйкес талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндiрiсiнің тауарларын өткізу бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлардың тізбесі айқындалған жағдайда, осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Осы баптың мақсатында салық төлеуші өндірген, шығарылған жері сертификаты бар өнім (тауар) өз өндірісінің тауары болып танылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Мәселен, "Маерск Ойл Қазақстан Гмбх" компаниясының филиалы, "Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В." филиалы, "Теңізшевройл" ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, оның шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы №71 бұйрығымен бекітілген импортталатын тауарлар ҚҚС-тан босатылады.
Салық кодексінің 393-бабы 4-тармағына сәйкес Салық кодексінің 393-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге тауарлардың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;
2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Жоғарыдағыларды ескере отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтаған кезде салық төлеуші "Маерск Ойл Қазақстан Гмбх" компаниясының филиалы, "Норт Каспиан Оперейтинг компанисы Н.В." филиалы, "Теңізшевройл" ЖШС мекенжайына өз өндірісінің тауарларын өткізу бойынша айналымдарға нөлдік ставка бойынша ҚҚС қолдануға құқылы.