
Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде сыртқы экономикалық қызмет тауарларының номенклатурасын (СЭҚ ТН) кодтарын қолдану туралы
«ЕАЭО СЭҚ бірыңғай ТН және ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы, сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және оларды күші жойылды деп тану туралы» ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімі қабылданды. Шешімге сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО СЭҚ халқаралық негізі бірыңғай ТН болып табылатын, Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің жетінші басылымы күшіне енді.
Шешім 2021 жылғы 6 қазанда ЕЭК құқықтық порталында жарияланды, сондай-ақ енгізілген өзгерістер туралы ақпарат 2021 жылғы 3 желтоқсанда МКК сайтында орналастырылды.
Сонымен қатар 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыстағы СЭҚ ТН кодтарының сабақтастығы бойынша ЭШФ АЖ-да тиісті жұмыстар жүргізілді, алайда Интернет желісінің ағымдағы тұрақсыз жұмысына байланысты жоспрланған жаңарту жүргізілген жоқ.
ЭШФ АЖ жүесін жаңарту жақын арада Интернет желісінің жұмысы тұрақталғаннан кейін жүргізілетін болады.
Сондай-ақ төтенше жағыдайдың енгізілуіне және Интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Комитет 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңде техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды.
Осылайша, жазып беру мерзімдері 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңге келетін (оның ішінде айналымды жасау күні 2021 жылғы желтоқсанның соңына келетін) шот-фактураларды қағаз жеткізгіште жазып беруге болады. Жазып берілген шот-фактураларды жүйеге 19 қаңтардан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде енгізу қажет.
СЭҚ ТН кодтары |
Айналымды жасау күні 2022 жылғы 1 қаңтарға |
Айналымды жасау күні 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін |
СЭҚ ТН кодтары олар бойынша ТІЖ, ЖС қолданылмайды, бұл ретте СЭҚ ТН коды өзгерген жоқ (СЭҚ ТН кодтары 11332) |
ЭШФ бұрынғы режимде жазып беріледі |
ЭШФ бұрынғы режимде жазып беріледі |
СЭҚ ТН кодтары олар бойынша ТІЖ, ЖС қолданылмайды, бұл ретте СЭҚ ТН коды өзгерді (СЭҚ ТН кодтары 1796) |
ЭШФ жазып беру кезінде 31.12.2021 жылға дейін қолданыста болған СЭҚ ТН коды пайдаланылады |
ЭШФ жазып беру кезінде 01.01.2022 жылдан бастап қолданыстағы СЭҚ ТН коды пайдаланылады |
СЭҚ ТН кодтары олар бойынша ТІЖ, ЖС қолданылмайды, бұл ретте СЭҚ ТН коды өзгерген жоқ (СЭҚ ТН кодтары 989) |
ТІЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру бұрынғы режимдерде жүзеге асырылады |
ТІЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру бұрынғы режимдерде жүзеге асырылады |
СЭҚ ТН кодтары олар бойынша ТІЖ, ЖС қолданылмайды, бұл ретте СЭҚ ТН коды өзгерді (СЭҚ ТН кодтары 807) |
ЭШФ NON SNT белгісімен жазып беруге болады (уақытша Интернет желісінің жұмысы тұрақталғанға дейін) |
2022 жылғы 1 қаңтардан кейін ВҚ-га тауарлардың түсуі ТШЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру СЭҚ ТН жаңа кодтарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. |
2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ВҚ-ға түскен тауарлар қалдықтары бойынша ЭШФ NON SNT белгісімен жазып беруге болады (уақытша Интернет желісінің жұмысы тұрақталғанға дейін) |
Жазылғандарды ескере отырып, жүйеде жұмыс істеу кезінде ЕЭК Кеңесінің 14.09.2021 №80 шешімін (https://docs.eaeunion.org/docs/ru/014-30209/err_06102021_80) және әзірленген корреляциялық кестені қолдануды ұсынамыз, онда СЭҚ ТН кодтарының сабақтастығы бойынша ақпарат бар. Бірінші бетте СЭҚ ТН ауыстырылған кодтары белгіленген. Екінші бетте СЭҚ ТН жаңа кодтары көрсетілген.