
Алматы облысында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс хаттар ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 23 тамызында Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д.Е. Ақылбеков ҚР ҚМ МКК Төрағасы Д.Е: Ерғожинның атынан қызметте үздік болған және жүктелген міндеттерін үлгілі орындаған қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар берілді.
Сонымен қатар, Д.Е. Ақылбеков ҚР ҚМ МКК Төрағасының атынан шын жүректен қызметкерлердің ата-аналарына алғысын білдіріп, балаларына берген тәрбиесінің арқасында қызметте үздік атанып, нәтижесінде Мемлекеттік кірістер комитетінің және Департамент басшылығымен ескеріліп отыр.
Адамның жетістігі ол әрине ата-ана еңбегінің және жақындарының нәтижесі болып табылады. Кездесу соңында, ата-аналарға денсаулық, бақыт және ашық аспан тілеп, алғыс білдірді.
ПЖжБ басқармасы