Date of publication: 23.12.2021 16:16
Date of changing: 23.12.2021 16:17

2021 жылғы 23 желтоқсанда Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалалары кәсіпкерлерінің проблемалық мәселелерін қарау бойынша отырыс өтті.

Осы тыңдау Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арасындағы Жол картасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Кәсіпкерлермен кездесуге Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандарының, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларының аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшылары қатысты.