
Алматы облысы бойынша МКД хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің (бұдан ары-ҚР ӘҚБК) санкциясында көзделгеннен 50% мөлшерге қысқартылған салықтар және кедендік бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды төлеу мүмкіндігі болып табылады.
2020 жылғы 16 қаңтарда ҚР ӘҚБК-не өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы ҚР Заңы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес ҚР ӘҚБК 897-бабына өзгерістер енгізілді және хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған тұлға хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде ҚР ӘҚБК Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу мүмкіндігін алды.
Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында COVID-19 вирустық инфекциясының алдын алу мақсатында, хабарлама пошта арқылы және электронды түрде жіберілгенін ескере отырып, халықпен байланыс азайтылады.
Мысалы: салық төлеушімен әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтара хабарламасы уақытылы орындалған жоқ.
ҚР ӘҚБК 288-бабының санкциясы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырады.
Мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушінің кабинеті, пошта арқылы жолданған немесе тікелей мемлекеттік кірістер органдарында жолданған хабардар етуде он тәулік ішінде төлеуге жатқызылатын айыппұл 15 АЕК 50% мөлшерінде көрсетіледі.
Алайда, айыппұл сомасы белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, тұлға қысқарту мөлшерін қолдану құқығынан айырылады және айыппұл әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті көздейтін баптың санкциясының толық мөлшерінде төленуіне жатқызылады, мысалы ҚР ӘҚБК 288-бабының санкциясы 15 АЕК.
Алайда, осы нормаларды қолдану кезінде бір қатар ерекшеліктер бар.
Айппұл мөлшерін қысқарту қолданылмайды:
- Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау, ҚР ӘҚБК 91-бабы (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде);
- Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзу, ҚР ӘҚБК 92-бабы (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде);
- Қазақстан Республикасының міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзу, ҚР ӘҚБК 92-1 бабы;
- Қазақстан Республикасының төлемдерді жүргізу жөніндегі заңнамалармен белгіленген шектеулерді бұзу, ҚР ӘҚБК 266-бабы;
- Салық есептілігінде көрсетілуге жатқызылатын салық салынатын объектілер мен басқа мүліктерді жасыру, ҚР ӘҚБК 275-бабы (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде);
- Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төмендету, ҚР ӘҚБК 278-бабы (екінші және үшінші бөліктерінде);
- Салықтарды ұстау мен (немесе) есептеу бойынша міндеттілікті салық агентімен орындамау, ҚР ӘҚБК 279-бабы (бірінші бөлігінде);
- Жалған шот-фактураларды жазып беру, ҚР ӘҚБК 280-бабы;
- Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу, ҚР ӘҚБК 282-бабы (бесінші бөлігінде);
- Уәкілетті экономикалық оператормен кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыру тәртібін бұзу, ҚР ӘҚБК 537-бабы;
- Тауарларды, қолма-қол ақша қаражаттарын, ақша құралдарын декларацияламау және жалған кедендік декларациялау, кеден құжаттарындағы мәліметтерді жалған мәлімдеу, ҚР ӘҚБК 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.
Алматы облысы бойынша МКД
Заң басқармасы