
Сыйлықтарға толық тыйым салу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін қызмет көрсетуге толық тыйым салу болып табылады.
Осылайша, қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызметшілерге қызметтік жағдайына байланысты қандай да бір бағалы сыйлықтар беруге тыйым салады.
Мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларды орындауға байланысты алған сыйлықтар жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жатады. Ал мемлекеттік қызметшіге көрсетілген қызметтер осындай жағдайларда республикалық бюджетке ақша аудару арқылы төленуі тиіс.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелерінің де мемлекеттік қызметші қызмет бабында байланысты жеке және заңды тұлғалардан материалдық сыйақылар, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер алуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару арқылы өтеуге міндетті.
Құны 2 АЕК-тен кем сыйлық алғаны үшін мемлекеттік қызметшіге алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.
Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабына сәйкес (пара алу) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.