
Кедендік төлемдер, кедендік құн және тауар шығарылған ел
Кеден одағының кеден аумағы арқылы тауарларды өткізу кезінде кедендік төлемдерді қолданудың базалық мәселелері Кеден одағының Кеден кодексімен белгіленген, сонымен де кедендік төлемдердің жіктеуі келтіріледі, оларды есептеудің тәртібі бекітіледі, кедендік төлемдерді төлеушілер, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындайтын және тоқтатылатын сәттер анықталады, оларды төлеудің мерзімдері белгіленеді, кедендік төлемдер төленуін қамтамасыз етудің жалпы мәселелері, мәлімденген кедендік рәсімдерге сай, кедендік төлемдерді қолданудың ерекшеліктері регламенттеледі.
Кедендік әкелім баждарын төлеудің мерзімдерін өзгерту мәселелері, 2010 жылғы 21 мамырдағы кедендік төлемдерді төлеудің негіздері, шарттары мен мерзімдерін өзгерту тәртібі туралы Келісімнің нормаларымен реттеледі.
Кедендік баждар, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері Кеден транзиті бойынша кедендік рәсімдерге сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берудің кейбір мәселелері, сондай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және сондай тауарлар жайында өндірілген сомаларды аудару туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы Келісіммен белгіленген.
Сонымен қатара, кедендік төлемдер, салықтарды төлеудің нысандарын анықтау, кедендік баждар, салықтардың төленуіне бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі, Кеден одағының Кеден кодексімен бекітілген кедендік баждар, салықтар төленуін қамтамасыз ету тәсілдері , артық төленген кедендік баждарды, салықтарды қайтару тәртібі, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу тәртібі сияқты бірқатар мәселелер Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен реттеліп отырады.
Кеден одағының Кеден кодексінің 70 бабына сәйкес, кедендік төлемдерге мыналар жатады:
1) кедендік әкелім бажы;
2) кедендік әкетілім бажы;
3) кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы;
4) кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын акциз (акциздер);
5) кедендік алымдар.
Аталған төлемдер әртекті, соның салдарынан құқықтық реттеудің маңызды ерекшеліктерін иеленеді.