Date of publication: 16.11.2021 15:40
Date of changing: 16.11.2021 15:41

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібін бұза отырып, БЭЖ кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуі.

 

 

          Жеке тұлғалардың БЭЖ кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуі "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 39-тарауына (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері), сондай-ақ Кодекстің 8-бабының нормаларына (тыйым салулар мен шектеулерді сақтау) сәйкес жүзеге асырылады.

          Сондай-ақ, жеке тұлғалар БЭЖ кедендік шекарасы арқылы тауарларды жеке пайдалану үшін өткізген кезде "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу өлшемшарттарын белгілеу туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына сәйкес мынадай тасымалдау нормалары белгіленген:

1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:

      1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

      ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

      планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

      портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

      зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

      велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

      бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

      2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

      2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

      3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

 

          "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне сәйкес №1 қосымшаға сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар шегінде мынадай құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар айқындалды

 

Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттары және оларды әкелу тәсілдері

Әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) мөлшерлік нормалары

1. Көліктің әуе түрімен бірге тасымалданатын және (немесе) бірге тасымалданбайтын багажбен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этиль спиртін, алкоголь сусындарын, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда), мыналарды қоса алғанда:

 

    темекі және темекі өнімдері

 

 

 

 

құны 10 000 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг аспайды

 

 

 

 

200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 г темекі немесе жасы 18 толған бір жеке адамға есептегенде жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортименттегі көрсетілген бұйымдар

 

2. Әуе көлігінен өзгеше көлік түрлерімен немесе жаяу өткенде бірге тасымалданатын және (немесе) бірге тасымалданбайтын багажбен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этиль спиртін, алкоголь сусындарын, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда), мыналарды қоса алғанда:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

темекі және темекі өнімдері

2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда – құны

1 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг аспайды

 

2019 жылғы 1 қаңтар – 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта –

құны 1 000 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг аспайды
 

2020 жылғы 1 қаңтар – 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта –

құны 750 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 35 кг аспайды

 

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – құны 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды

 

200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 г темекі немесе жасы 18 толған бір жеке адамға есептегенде жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортименттегі көрсетілген бұйымдар

 

3. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этиль спиртін, алкоголь сусындарын, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда), мыналарды қоса алғанда:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   темекі және темекі өнімдері

2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда – бір жеке адамның атына күнтізбелік бір айдың ішінде құны 1 000 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 31 кг аспайды

 

2019 жылғы 1 қаңтар – 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта – бір жеке адамның атына күнтізбелік бір айдың ішінде құны 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 31 кг аспайды

 

 

 

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – құны 200 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 31 кг аспайды

 

200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 г темекі немесе жасы 18 толған бір жеке адамға есептегенде жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортименттегі көрсетілген бұйымдар

 

4. Одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

 

 

2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда – бір жеке адамның атына күнтізбелік бір айдың ішінде құны 1 000 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жалпы салмағы 31 кг аспайды

 

2019 жылғы 1 қаңтар – 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта – бір жеке адамның атына күнтізбелік бір айдың ішінде құны 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жалпы салмағы 31 кг аспайды

 

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – құны 200 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жалпы салмағы 31 кг аспайды

 

 

5.  Бірге тасымалданатын және (немесе) бірге тасымалданбайтын багажбен әкелінетін алкоголь сусындары және сыра

18 жасқа толған бір жеке адамға есептегенде 3 л

 

6. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде марапатталған адамның ордендері, медальдары, кубоктары түріндегі кез келген тәсілмен және (немесе) осындай адамдардың атына әкелінетін наградалар, осындай наградаларды алуды растайтын құжаттардың ұсынылуы шартымен

 

құнына және салмағына қарамастан

7. Одаққа мүше мемлекеттерде аккредиттелген жеке адамдар Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізілетін халықаралық спорт, мәдени, ғылыми-зерттеу, білім беру және өзге де осындай ресми іс-шараларға қатысу үшін  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес кәсіби қызметте пайдаланатын, осындай адамдар кез келген тәсілмен әкелетін және (немесе) осындай адамдардың атына әкелінетін спорт мүкәммалы, фото және бейне жабдығы, өзге де тауарлар

құнына және салмағына  қарамастан, Одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде пайдалану үшін қажетті мөлшерде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Кез келген тәсілмен әкелінетін мәйіттер (сүйектер) бар табыттар және қайтыс болған адамдардың мүрделері (күлдері) салынған жәшіктер

 

құнына және салмағына  қарамастан

9. Кез келген тәсілмен әкелінетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары

құнына және салмағына  қарамастан

 

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуе көлігінен ерекшеленетін көлік түрлерімен немесе жаяу алып жүретін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкогольді сусындарды, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) - құны 500 евроға барабар сомадан асатын және (немесе) салмағы 25 кг-нан асатын жеке пайдалануға арналған тауарлар құнының 30 пайызы, бірақ құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кету бөлігінде 1 кг үшін кемінде 4 евро төлейді.

 

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық тасымалдау нормаларын бұза отырып өткізу не тауарлар мен ақша қаражатын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау жағдайында жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

* Ескертпе: толық ақпарат ашық қолжетімді сайттарда бар.