Date of publication: 02.11.2021 12:52
Date of changing: 02.11.2021 12:45

ПАРА ДЕГЕН НЕ?

 

Лауазымды адам пара берушінің мүддесі үшін әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қабылдаған материалдық құндылықтарды (заттар, ақшалар, қызметтер, басқа да мүліктік игіліктер) ПАРА дейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде парамен байланысты қылмыстардың екі түрі қарастырылған:

•       пара алу (366-бап);

•       пара беру (367-бап).

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптарында көзделген әрекеттер сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен байланысты.

Пара алу - ең қауіпті заңсыздықтың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе қорқытып алумен қатар жүрсе, ол лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін артықшылықтар мен пайда алуынан тұрады.

Пара беру - бұл лауазымды тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға немесе берушінің пайдасына қандай-да бір артықшылықтар беруге немесе алуға, оның ішінде жалпы қамқорлығы.

Парақорлық - ең қауіпті сыбайлас жемқорлық, қызметтік қылмыс. Бұл мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтіреді, шенеуніктерге пара беру арқылы қалаған нәтижеге жету мүмкіндігі туралы идеяны тудырады.

 

Алматы облысы бойынша МКД-нің

Адам ресурстары басқармасының

қызметтік тергеу бөлімі