Date of publication: 25.10.2021 16:28
Date of changing: 25.10.2021 16:38

2021 жылы 22 қазанда Достыққа жұмыс сапары кезінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.А.Баймулдинов департаментінің «Алакөл» және «Теміржол» кеден бекеттерінде болды.

Әдеп жөніндегі уәкіл Н.А.Баймулдинов. кеден бекеттерінің бастықтарымен, сондай -ақ қызметкерлермен кездесті. Кездесу еркін диалог форматында өтті, онда кеденшілер өз сұрақтарын қоя білді, әр түрлі проблемалар мен өз жұмысын әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылауға ұсынды.

Кедесу барысында департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзудың алдын алу бойынша, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық нормалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әдеп жөніндегі уәкіл Н.А.Баймулдинов сонымен қатар кеден бекеттерінің қызметкерлеріне қабылдау өткізді, олар сұрақтар қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

Ал іс-шаралар соңында Баймулдинов Н.А. кеден бекеттерінің жұмыс аймағын аралады.