Date of publication: 21.10.2021 15:27
Date of changing: 21.10.2021 15:18

Кассалық чектің берілмегені туралы хабарлама үшін сыйақы төленеді!

 

Қазақстан Үкіметі бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған құрылғыны пайдалануды бұзу фактілері туралы хабарлайтындарға сыйақы төлеу қағидаларын бекітті.

Ережеге сәйкес, бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адам, олар расталған жағдайда, 1 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады.

БКМ немесе Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған құрылғыны пайдалануды бұзу фактісі туралы хабарлау және ол үшін сыйақы алу үшін-аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына деректерді толтырып, мобильді қосымша арқылы бұзушылық фактілері туралы хабарлау қажет:

* бұзу фактілері туралы (чек бермеу, банк картасын қабылдаудан бас тарту) бұзушылықты бейнетіркеу;

* кәсіпкерлік субъектісін, жекеше нотариусты, оның ішінде қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайын, салық салуға байланысты объектінің атауын (ол болған кезде), сауда үйіндегі бутиктің және қабаттың нөмірін (ол болған кезде), нарықтағы орынның нөмірін (ол болған кезде), кеңсенің және қабаттың нөмірін (ол болған кезде) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін);

* өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын және оның ЖСН сәйкестендіруге мүмкіндік беретін;

* бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін сыйақы алуға келісімі туралы не оны алудан бас тарту туралы.

Егер бұзушылық туралы хабарлама келіп түскен кезде аумақтық мемлекеттік кірістер органы бұзушылық фактісі расталса, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сыйақыны осы бағытта мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған оператор бұзушылық фактісі расталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұялы телефонның теңгеріміне аударатын болады.

Сыйақыларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

Қаулы 2021 жылғы 28 мамырдан бастап күшіне енеді.

.

.

.

 

#дгдпоалматинскойобласти

#алматыоблысыбойыншамкд

#салық

#налог

#требуйчек

#чектіталапет

#гражданскийконтроль

#азаматтықбақылау