
Алкоголь өнімі тек есепке алу-бақылаудың қағаз маркаларымен таңбаланатын болады
Таңбаланған темекі өнімдерімен бөлшек сауда жасайтын дүкендер үшін жұмыс жеңілдетіледі.
Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте ҚР Үкіметінде ҚР тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті, оның барысында алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау пилоттық жобасы бойынша мәселелер қаралды.
Нәтижесінде, бөлшек сауда сатушылары үшін таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс жасаудың бизнес-процестерін жеңілдету туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта таңбаланған темекі өнімдерімен жұмыс жасау бөлігінде бөлшек сауда сатушылары үшін бизнес-процестерді жеңілдету бөлігінде Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша бұйрықтың жобасы әзірленді.
Бұйрық жобасымен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.
Сондай-ақ, алкоголь өнімін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилотты аяқтау және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың қолданыстағы тетігін сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл ретте, бақылау салықтық және азаматтық бақылау жолымен жүзеге асырылады.