Date of publication: 08.10.2021 12:03
Date of changing: 08.10.2021 12:13

«Ашық НҚА» egov.kz порталында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "E-Salyq Business" арнайы мобильді қосымшасын пайдалану жөніндегі бұйрығының жобасы жарияланды

 

«Ашық НҚА» egov.kz порталында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының жобасы жарияланды

«E-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде арнаулы салық режимін қолдану, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органы әзірлеген.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11756916