Date of publication: 15.09.2021 16:16
Date of changing: 15.09.2021 16:10

«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін  алу.

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтер түрінің бірі «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу»

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 48-бабының 12-тармағына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы талап қою мерзімі шегінде ағымдағы жыл және алдыңғы күнтізбелік жылдар ішінде төленген сома мөлшерінде есепке жатқызылуға және (немесе) қайтарылуға жатады (талап қою мерзімі үш жылды құрайды).

Салық мониторингіне жататын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салықтөлеушілердің санаттары үшін осы Кодекстің 30-тарауының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері үшін талап қою мерзімі Салық кодексінің 48-бабының 3-тармағына сәйкес бес жыл.

Мемлекеттік бажды қайтару үшін ескіру мерзімі оны төлеген күннен бастап 3 жылды құрайды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің  №101,102,103 баптарына сәйкес салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызу және қайтару мемлекеттік қызметін мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылдың 27 ақпандағы №306 бұйрығының 2-тарауына сәйкес «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін алу үшін салықтөлеуші  электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда:

-  жеке тұлғаларға арналған тегін «Е-салық азамат»  мобильді қосымшасы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет ресурсы «Салықтөлеуші кабинеті»;

- Мемлекеттік корпорация «электрондық Үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды салықтық өтінішті ұсына алады.

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін алу үшін:

  1. электронды түрде салықтық өтінішті;
  2. дербес шоттары жүргізілмейтін төлемдерден немесе Уәкілетті мемлекеттік органдар өзі әкімшілендіретін төлемдерден артық (қате) төленген соманы есепке алу және қайтару қажет болса, онда тиісті уәкілетті органның  әрекетсіздігін растайтын құжаттың көшірмесін  салықтөлеуші салықтық өтінішпен бірге электронды түрде ұсыну қажет.

Алайда, 2021 жылдың  1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 101-бабының 1 және 3-тармақтарына енгізілген өзгеріске  сәйкес салықтөлеуші Мемлекеттік кірістер органдарында дербес шоттары жүргізілмейтін төлемдер және Уәкілетті мемлекеттік органдар өзі әкімшілендіретін төлемдері бойынша артық (қате) төленген сомаларды есепке алу немесе қайтаруға салықтық өтініш ұсынған кезде, уәкілетті органның әрекетсіздігін растайтын тиісті уәкілетті орган беретін құжатты, жүйе уәкілетті органдардың электронды базасының деректері негізінде мәліметтерді тексеріп автоматты түрде салықтөлеушінің салықтық өтінішімен бірге ұсынады, алайда жүйенің жетілдіру жұмыстары жалғастырылуына байланысты бұл функция уақытша қолжетімді емес. Жақын арада, барлық уәкілетті органдарды электрондық базаға қосқан күннен бастап автоматтандырылған түрі қолжетімді болады.

Мемлекеттік кірістер органы салық өтінішін қағаз түрінде қабылдамайды.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі салық өтініші түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесінде:

  1. Есепке жатқызу немесе қайтару жүзеге асырылады;
  2. Артық (қате) төленген төлемнің  расталмағаны туралы электронды хабарлама жіберіледі;
  3. Есепке жатқызу немесе қайтару жүргізілмегені туралы дәлелді бас тарту хабарламасы салықтөлеушіге жауап ретінде жіберілген адрес бойынша түседі.

Сондай-ақ, ОСДШ АЖ-де («орталықтандырылған сәйкестендіру дербес шоты" ақпараттық жүйесі) нақты уақыт режимінде автозачеттар пайдаланушылардың қатысуынсыз жүзеге асырылатыны хабарланады. Автозачеттар:

  1. салықтар, бюджетке төленетін төлемдер арасындағы төлем түрлері бойынша;
  2.  мемлекеттік органдар арасындағы төлем түрлері бойынша;
  3. жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы төлем түрлері бойынша;
  4. бір салық шеңберінде, яғни бір бюджеттік жекелендірілген кодта (БЖК) мысалы, төленген төлемді негізгі салықтан өсімпұлға есепке жатқызу немесе керісінше, бір мемлекеттік кірістер органындағы төлем түрлері бойынша;
  5. бір салық шеңберінде, бір мемлекеттік кірістер органы мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы төлем түрлері бойынша жүзеге асады.

Мынадай ресми ақпараттық байланыс ресурстары арқылы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын білуге, сондай-ақ өз сұрақтарыңызды қоюға болады:

  • 1414 Байланыс Орталығы
  • телеграмм KGD_KANTSELYARIYA (Өтініштің кіріс нөмірі, орындаушының Т.А.Ә. және байланыс нөмірі туралы ақпарттандырады)
  • https://kgd.gov.kz/kk  KGD.GOV.KZ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ (жиі қойылатын сұрақтар тақырыбы)
  • инстаграмм PRESS_KYZMET_KGD 
  • taxalmaty@kgd.kz.
  • Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының жеке шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімі  8(7282)60-11-20, 60-11-45.

 

.

.

.

#возвратовналога

#салықтықайтару

#зачетналога

# салықтыесепкеалу

#дгдпоалматинскойобласти

#алматыоблысыбойыншамкд

#салық

#налог

#госуслуги

#мемлекеттікқызметтер