
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
2021 жылы 2 қыркүйекте Департамент басшысы Дынбаев Сырым Амангелдіұлы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне Қалиев Алмат Серікұлының орынбасарын таныстырды.
Қалиев Алмат Серікұлы 1980 жылы 24 шілдеде Алматы облысында туған.
Білімі жоғары, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист біліктілігі, 2020 жылы - Тұран университеті, іскерлік басқару магистрі (MBA).
«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.