
Алматы облысында 2019-2020 жылдары жүргізілген салықтық рақымшылық нәтижелері туралы
Салықтық рақымшылық жеке тұлғалардың 01.04.2020ж. жағдай бойынша есептеліп төлеген күнге дейін өскен жер, мүлік және көлік салықтары бойынша қарыздардың өсімпұлдарына қатысты, яғни, рақымшылық салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда өсімпұлы кешіріледі. Кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын объектілерге рақымшылық қолданылмайды.
2019 жылы 49 379 жеке тұлғаның негізгі берешек сомасы 843,3 млн. теңгені төлеуіне байланысты 196,2 млн. теңге өсімпұл сомасы есептен шығарылды.
2020 жылы 127 607 жеке тұлғаның негізгі берешек сомасы 1 865,3 млн. теңгені төлеуіне байланысты 256,1 млн. теңге өсімпұл сомасы есептен шығарылды.