Date of publication: 26.07.2021 11:01
Date of changing: 26.07.2021 11:03

Армения Республикасынан Қазақстанға әкелінген автокөлік иелері үшін ақпарат

 

Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу мерзімі 2022 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысының 1-тармағының 1-абзацына өзгеріс енгізілуіне байланысты, яғни Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу 2022 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылғанын, естеріңізге салады.

Мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баждар төлей отырып, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу мерзімі 2022 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды.

Осы қаулының шеңберінде автомобильдерді тіркеу және одан әрі пайдалану кезінде автомобильдерді бастапқы тіркеу және кәдеге жарату үшін кедендік баждарды, алымдарды төлеудің қажеті жоқ.

1 ақпаннан кейін көлік әкелген азаматтарға келетін болсақ, олар заңнамада қарастырылған кедендік баж салығын, кәдеге жарату алымын және басқа да алымдарды толығымен төлеуге мәжбүр болады.