
Қызметкерлердің жұмыс берушілері жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуінің толықтығын автоматтандырылған камералдық бақылауды іске қосу туралы
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету бойынша салық міндеттемелерін жұмыс берушілердің (салық агенттерінің) дұрыс орындауын қамтамасыз ету мақсатында (200.00 және 910.00 нысандары бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс берушілердің жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуінің толықтығы бойынша автоматтандырылған камералдық бақылауды іске қосты. Процесс Қазақстан Республикасының электрондық еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек келісімшарттары негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші қызметкерлерге аударымдарды уақтылы төлемеген жағдайда, олардың құқықтарын бұзады, өйткені бұл зейнеткерлік өтіл мен зейнетақының мөлшерін анықтауға, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басқа шараларына әсер етеді.
Тек биылдың өзінде облыста жұмыс берушілерге келесі бұзушылықтар туралы 4 559 хабарлама жіберілді:
- 200.00, 910.00 нысандары бойынша декларацияларды ұсынбау;
- декларацияны толық толтырмау, мұнда қызметкерлердің мәліметтері 200.02, 200.05 және 910.01 қосымшаларында көрсетілмеген.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңызға болады.