
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар және тауарлар айналымын қадағалап отыру жүйесі
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу (ТІЖ) түпкілікті тұтынуды немесе экспортты қоса алғанда, импорттан/өндірістен бастап барлық өткізу тізбегі бойынша тауар айналымын автоматты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған қадағалап отыру жүйесінің соңғы элементі болып табылады.
ТІЖ ресімдеу «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінде жүзеге асырылады.
Модульдің функционалы кедендік ресімдеуден кейін импортталған тауар автоматты режимде сыртқы экономикалық қызметке қатысушының Виртуалды қоймасына кіріске алынатындай етіп құрылған.
Одан әрі сату үшін ТІЖ ресімдеу Виртуалды қоймадан тауарды таңдау жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте Виртуалды қоймадағы барлық ақпарат (тауардың атауы, СЭҚ ТН коды, өлшем бірліктері, тауардың шығу көздері бойынша ақпарат) құрылатын ТІЖ-де автоматты түрде толтырылады, бұл мәліметтерді енгізудің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.
Өткізілетін тауарлардың санын көрсеткен кезде, Жүйе Виртуалды қоймада мұндай мөлшердің бар-жоғын автоматты түрде тексереді және егер тауарды өткізуде қоймадағы қалдықтардан көп мөлшерде көрсетілсе, экранда қате туралы хабарлама шығады. Осылайша, декларацияланған көлемдер шегінде тауарларды өткізуді автоматты түрде бақылау жүзеге асырылады.
ТІЖ ресімделгеннен кейін сатып алушы ТІЖ растағанға дейін Жүйе резервке қояды. Бұл ТІЖ ресімдеу үшін тауар кездейсоқ таңдалмауы үшін жасалады.
ТІЖ расталғаннан кейін, алынған тауарлар ТІЖ-де көрсетілгенге сәйкес келеді дегенді білдіреді, тауарлар автоматты түрде жеткізушінің Виртуалды қоймасынан сатып алушының Виртуалды қоймасына ауыстырылады.
Осылайша, қадағалап отыру жүйесінің маңызды элементтері тауарды тиеп жөнелту басталғанға дейін тауардың қозғалысын сүйемелдеу құжатын ресімдеу, сондай-ақ құжатты растау немесе қабылдамау мүмкіндігі болып табылады.
ТІЖ қолдануға «жеңіл» көшуді қамтамасыз ету үшін жыл басынан бастап Пилоттық жоба іске қосылды, оның шеңберінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Пилоттық жобаны жүргізу, соның ішінде салық төлеушілердің ұсыныстары бойынша функционалды пысықтауға, сондай-ақ шаруашылық операциялардың барлық түрлері үшін оның қалай жұмыс істейтінін тексеруге мүмкіндік береді.
ТІЖ енгізу, ТІЖ ресімдеуге алғашқыда барынша дайындалған, бұған дейін акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар жазып берген және «Виртуалды қоймада» жұмыс істеген салық төлеушілерді тарту арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, салық төлеушілер ТІЖ-мен жұмысты реттеп, контрагенттермен өзара қарым-қатынастарын қайта құруға үлгермеді, осыған байланысты ТІЖ бойынша Пилоттық жобаны жүргізу мерзімдері ұзартылуда:
Акцизделетін өнімдер, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 1 қазанға дейін;
ЭШФ Виртуалды қойма арқылы шығаруға жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін;
ДСҰ-ны алу тізбесіндегі тауарлар және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 тамызға дейін таңбалауға жататын тауарлар бойынша.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша:
1) Байланыс орталығына – 1414 нөмірі бойынша, қосымша нөмірі 3;
2) ҚР ҚМ МКК Инстаграмдағы парақшасы:
ttps://instagram.com/press_kyzmet_kgd?r=nametag сілтеме бойынша;
3) YouTube-дағы МКК арнасы:
https://youtube.com/user/salykgovkz сілтеме бойынша;
4) ҚР ҚМ МКК Facebook-тағы парақшасы:
https://www.facebook.com/kgd.gov.kz/
сілтеме бойынша;
5) «ҚР ҚМ МКК-нің ТІЖ енгізу» телеграмм қоғамдастығы:
https://t.me/joinchat/GKvfM8gwBMMuyA2M сілтеме бойынша;
6) Facebook-тегі «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) форумы:
https://www.facebook.com/groups/esf.gov.kz?modal=false&should_open_composer=false сілтеме бойынша хабарласыңыз.