
Қазақстандықтар тауарларды немесе қызметтерді сатып алуға POS-терминалдар арқылы төлем жасай алады
Қазақстандықтар тауарларды немесе қызметтерді сатып алуды POS-терминалдар арқылы да, QR-код арқылы да төлей алады.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған POS-терминалдары болуы міндетті.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 457 қаулысымен қызметтің 14 түрі анықталды, олар бойынша салық төлеушілер РОЅ-терминалдарды қолдануға міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, POS-терминалдың жоқтығы үшін әкімшілік терминал қарастырылған .жауапкершілік. Аталған нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 194, 195-баптарында көрсетілген.
Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі
- Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
- Көтерме және бөлшек сауда
- Қонақүйлердің қызмет көрсетуі
- Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру
- Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату
- Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, жүктерді тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен тасымалдау жөніндегі қызметтер
- Туроператорлардың және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі (турагенттерден басқа)
- Сақтандыру саласындағы қызмет
- Денсаулық сақтау саласындағы қызмет
- Білім беру саласындағы қызмет
- Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету
- Фитнес-клубтар, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі
- Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет
- Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету
Ескертпе:
көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнату мен қолдануды қамтамасыз ету өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген акваөсіру (балық аулау) өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға; ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды.