Date of publication: 30.06.2021 18:20
Date of changing: 30.06.2021 18:21

Мемлекеттік кірістер комитетінің Веб-журналы

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-журналы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Орталық - Өңір форматындағы қарым-қатынасы үшін алаң болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызықты тарихы мен көпқырлы күнделікті тәжірибесі осы жаңа басылымның беттерінде өзінің лайықты көрінісін табады. Веб-журнал мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің де, салық және ке¬ден ісі теориясы мен практикасының әртүрлі аспектілеріне қызығушылық танытатын адамдардың да қызығушылығын тудырады, өйткені ол мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің өмірі, оқиғалары мен кезеңдері туралы, Парламенттегі талқылаулар ту¬ралы әңгімелейді, оқырмандардың на-зарына мамандар өз жұмыстарының пай¬далы түсіндірулерін ұсынады.

Бұдан басқа, редакциялық комиссияға біздің қызметіміздің жұмысын жақсарту бойынша идеялар мен ұсыныстар жіберуге болады. Үздіктер іске асырылатын болады, ал авторлардың жұмыстары осы веб-журналдың беттерінде жа¬рияланатын болады. Журнал шығарылымы тоқсанына бір рет PDF форматында жарияланады.