Date of publication: 14.07.2016 12:26
Date of changing: 14.07.2016 12:27

Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға алған лицензияның алым сомасын төлеу мерзімі 20 шілдеге дейін ұзартылды

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы негізінде Салық кодексінің 472-бабының 3-тармағына өзгеріс еңгізілген, соған байланысты,  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайынғы лицензиялық алымды алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді.