
2016 жылдың 8 шілдесінде Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және Текелі қалалық ішкі істер бөлімі бірлесіп, 2011-2015 жылдар аралығында төленбеген жеке тұлғалардың автокөлік салығын реттеу мақсатында рейд жүргізді. Рейд барысында Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Саят Абдрахманұлы Сүлеймен, ішкі істер бөлімінің жол полициясы қызметінің аға сержанты Евсей Оқбаев көшедегі көліктерді тоқтатып, көлік иесінің аты-жөні және көліктің техникалық паспортының нөмірі арқылы арнайы базадан көлік салығының төленген-төленбегенін тексеріп, салықты мерзімінде төлеудің маңыздылығын ескертті.