Date of publication: 09.06.2021 09:18
Date of changing: 09.06.2021 09:23

Жалдамалы қызметкерлердің жұмыс берушілерінің жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуінің толықтығын автоматтандырылған камералдық бақылауды іске қосу туралы.

 

Жұмыс берушілердің (салық агенттерінің) жеке табыс салығы бойынша декларацияны (200.00 және 910.00 Н.) ұсыну бойынша салық міндеттемелерін дұрыс орындауын қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс берушілердің жеке табыс салығы бойынша декларацияда жалдамалы жұмыскерлердің толық көрсетілуіне автоматтандырылған камералдық бақылауды іске қосты. Процесс Қазақстан Республикасының электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары негізінде жүргізіледі.

Осыған байланысты Алматы облысы бойынша МКД салық есептілігінде барлық жалдамалы жұмыскерлердің, олардың нақты табыстарын толық көрсету және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді аудару қажеттілігі туралы еске салады.

Жұмыс беруші жұмыскерлер үшін аударымдарды уақтылы жүргізбеген жағдайда, ол олардың құқықтарын бұзады, өйткені бұл зейнетақы өтілі мен зейнетақы мөлшерін айқындауға, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басқа да шараларына әсер етеді.

Тек ағымдағы жылы ғана облыстың жұмыс берушілері атына келесі бұзушылықтар бойынша 4559 хабарлама қалыптастырылды:

- 200.00, 910.00 Н.ұсынбау;

- жалдамалы жұмыскерлердің деректері Н.200.02, 200.05, 910.01 қосымшаларында көрсетілмеген декларацияларды толық толтырмау.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына хабарласа аласыз.