Date of publication: 08.06.2021 10:50
Date of changing: 08.06.2021 10:57

«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы

 

Салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалған «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын(App Store және Play Market жүктеп алуға болады) қолданушылар үшін тиімді.

E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында келесі алынатын қызмет түрлері көрсетіледі:

  • активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
  • салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
    салық берешегін тексеру;
  • артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
  • мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
  • салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
  • жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;

жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;

мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.

Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Артық төлем» салымында салық төлеушінің қандай салықтар бойынша артық төлем жасалғаны және артық төлеммен қандай іс - әрекеттерді жүргізгісі келетіні - не басқа салықтарға есепке жатқызатыны, не өзінің банктік шотына қайтаратыны көрсетіледі. Ол үшін шоттың деректемелерін, банкті және қайтару жүргізу үшін соманы көрсету қажет.

Көлік құралдарына есептелген салық «E-salyq Azamat» мобильдік қосымшасының «Алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылған.

Бұл ретте, Комитеттің және банктердің мобильді қосымшаларының алдағы төлемдер сервисінде көлік құралдарына есептелген салық сомасы дербес шоттағы артық төлемді ескере отырып көрсетіледі.

«Сонымен бірге, көлік құралдары салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді».

Тағы да ескертеміз, салық әмиянының сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ немесе СМС-код арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет, ол үшін Мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет. Сондай-ақ, мобильді қосымшада ЖСН/пароль, жылдам қатынау коды және биометрия (FaceID, TouchID) бойынша кіруді реттеуге болады.

Салық әмиянының тетігі бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға, сондай-ақ қате төлемдер мен өсімдерді болдырмауға, қайтарулар мен инкассалық өкімдердің санын қысқартуға, салық төлеушілердің уақыт бойынша шығындарын азайтуға және банктерге комиссияға шығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.