Date of publication: 08.07.2016 18:37
Date of changing: 08.07.2016 18:38

Алматы облысы бойынша 2016 жылдың 1 жарты жылдық жоспарын орындалуы

 

Ағымдағы жылдың 01 шілдесіне мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспары  107 547  млн.теңге болса, түсім 121 103 млн.теңге, орындалуы  112,6 пайыз, жоспардан тыс 13 556 млн.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 5 136  млн.теңгеге артық түсті және өсу қарқыны 104,4 пайызды құрады.

Жергілікті бюджет бойынша жоспар  56 618  млн.теңге болғанда  63 722  млн.теңге түсім түсті немесе 112,5 пайыз, жоспардан тыс 7 104 млн.теңге. Өткен жылмен салыстырғанда   4 922 млн.теңгеге артық түсті және өсу қарқыны 108,4 пайызды құрады.

Республикалық бюджет бойынша  жоспар 50 929  млн.теңге болғанда 57 381 млн.теңге түсім түсті немесе  112,7 пайыз, жоспардан тыс 6 451 млн.теңге. Өткен жылмен салыстырғанда    213  млн.теңгеге артық  түсіп, өсу қарқыны 100,4 пайызды құрады.

Кедендік салықтары мен төлемдері бойынша жоспары 827 млн.теңге болғанда 1 298 млн.теңге түсім түсті немесе 156,9 пайызға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда 11 552 млн.теңгеге кем түсті немесе өсу қарқыны 10,1 пайызды құрады.

Мемлекеттік кірістер органдарымен қосымша қорлардың түсімін қамтамасыз ету үшін  барлық салықтық әкімшілдік механизмдер  қолданылады.

Ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік бюджетке 1 752 салық төлеуші бойынша  5 056,5 млн. теңгеге  қосымша түсім  қамтамасыз етілді.

         Қосымша түсімдер  келесі салық түрлері бойынша өндірілді:

-  корпоративтік табыс салығынан  1 893 млн. теңге;

-  қосылған құн салығынан  1 276,4 млн. теңге;

- заңды тұлғалардың  мүлкіне салынатын салығынан 567,4 млн. теңге;

-  кедендік төлемдерінен 410,4 млн. теңге;

-  жеке табыс салығынан 284,7 млн. теңге;

-  әлеуметтік салығынан  176 млн.теңге;

-  айыппұлдар 80,8 млн. теңге;

-  көлiк құралдарына салынатын салығынан 55,8 млн. теңге;

- сыртқы жарнаманы орналас-ны үшін төлемнен 40,2 млн. теңге.

-  пайдалы қазбаларды өндіруге  салынатын салығынан 25 млн. теңге;

-  акциз бойынша 17,3 млн. теңге;

-  басқасы 229,5 млн.теңге.

Өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсетін акцизден 4 007 млн. теңге, қосылған құн салығынан 1 949 млн. теңгеге,  жергілікті бюджетке түсетін акцизден 1 939 млн. теңге, жеке табыс салығынан 1 465 млн. теңгеге, әлеуметтік салығы 1 367  млн. теңгеге, корпоративтік табыс салығынан 400 млн. теңгеге, жеке тұлғалардың  көлiк құралдарына салынатын салығынан 95 млн. теңгеге, жер салығынан 27 млн. теңгеге көп түсті.

 

                                                                                                                          Л.Айтахунова

Алматы облысы бойынша мемлекеттік

кірістер департаментінің талдау және

тәуекелдер басқармасының басшысы