Date of publication: 04.06.2021 12:44
Date of changing: 04.06.2021 12:45

2021 жылдың 4 маусымында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Д.Мәулетов Департамент қызметкерлерін мемлекет тарихындағы айтулы оқиғамен құттықтады.

Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.