Date of publication: 07.07.2016 15:23
Date of changing: 07.07.2016 17:06

Талдықорған қаласында мемлекеттік қызметтер жәрменкесі өтті

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары Астана күнін тойлпа өтті.

«Жастар» саябағының бас сахнасынан облыс әкімі Амандық Баталов барлықтарын мерекемен құттықтады.

 Талдықорғандықтар мен қала қонақтары назарларына «Астана – ел тәуелсіздігінің айғағы!» атты мерекелік бағдарлама және «Талдыкорган OPEN AIR» мемлекеттік қызметтер жәрменкесі ұсынылды.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, халыққа және  кәсіпкерлерге кірістер органдарымен көрсетілетін қызметтер бойынша қызықты көріністер дайындады.

Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Ақпаратты қабылдау және өндеу орталығының мамандары он-лайн режимде инфокиоск экраны арқылы электронды түрде көрсетілетін көлік салығын есептеу, өсімпұл және басқа да электрондық қызмет түрлерін көрсетті.  

Мемлекеттік кірістер органдарының 24 мемлекеттік қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Копорациясы арқылы алуға мүмкіндік бар.

Қызметтердің 20 түрі автоматтандырылған, оларды электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-портал арқылы алуға болады.

«Жастар» саябағына келген бүрдіршіндерге ойын бағдарламасы әзірленді, балалар ойын-сауық ойындары арқылы салық пен кедендік қызметтерімен танысты.

Жас кеденшілер-департамент қызметкерлерінің балалары Еуразиялық экономикалық одақ кеденін өту туралы тосын-сауық көрініс көрсетті.